Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
10-14 ақпан күндері №47 орта мектебінің кітапханасында «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында бұрыш ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы Кунафина Бахыт «Мамандықтың бәрі жақсы,қалауыңша таңдап ал » атты баяндама оқыды. Оқушыларды кітапханадағы бұрышпен таныстырып,оқушылармен сұхбат ұйымдастырды.Директордың бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Нұрбекова «Болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар қандай?» тақырыбында ой тастады.
-Кез келген мемлекетте жоғары білікті мамандар әрдайым сұранысқа ие.Заман талабына сай енді мемлекет,компания, жұмыс беруші ұйымдар мен корпорациялар көп салаланған емес,тар шеңберде маманданған қызметкерлерге мұқтаж. болашақта қандай мамандарға сұраныс артады? Кәсіптің қандай түрі кірісті әрі өзекті болады?
Бұл—көпшілік жастар мен оқушыларды мазалайтын сұрақ.
Қазір сіз оқып жүрген мамандық алдағы он жылдықта сұранысқа ие болатынына кім кепіл?
2018 жылғы сұранысқа ие болған мамандық иелері мыналар екен:
бағдарлама әзірлеушісі;
ақпараттық қауіпсіздік бойынша сарапшы;
қаржы сарапшысы;
денсаулық сақтау менеджері;
медициналық қызметкерлер: мейірбике мен физиотерапевт
Сонымен бірге, танымал CareerCast компаниясы 2019 жылы сұранысқа ие болатын мамандардықтар тізімін жасап шыққан. Бір қызығы, мұнда да тізімді алғашқы болып бағдарлама әзірлеушсі бастап тұр. Одан кейін:
медициналық технолог;
мейірбике;
құрылысшы;
үй жағдайындағы денсаулық сақтау қызметкері.-деп оқушыларға ортақ ой тастады.Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып.Бір-біріне сұрақ қойып.сұрақтарына жауап алды.





