№47 орта мектебінде «Мамандық таңдау-болашақты таңдау» тақырыбындағы екі айлық іс-шаралар жоспары құрылды.
№47 орта мектебінде «Мамандық таңдау-болашақты таңдау» тақырыбындағы екі айлық іс-шаралар жоспары құрылды.
Мақсаты: оқушылардың кәсіби бағыттылығын анықтау,бала өзін мамандықтар әлемінде таба білу, өзінің қоғамға қажетті адам екеннін сезінуіне жағдай жасау. Мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту.Осы іс-шара аясында 11 сәуір күні 9-сынып ата-аналарымен «Баланың мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі» тақырыбында семинар –тренинг өткізілді.Мектеп директоры Ботамкулова А.Б. сөз алып, мамандық туралы айтып өтті.Директордың бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Нұрбекова Г.А. ата-ананың мамандық таңдаудағы көмегі туралы сұхбаттасты.Мектеп психологы Тайлюбекова Гүлбану Мамандық таңдаудағы ата – ана міндеті, оның нәтижесіндегі еңбекке қосар үлесі мен жеке тұлғаның әлеуметтік ашық қоғамға бейімделуіне, яғни әлеуметтенуіне ықпал ету жолдарын түсіндірді.




