️2023 жыл қорытындысы » СШ №47
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№47 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 57-07-10
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-07-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ️2023 жыл қорытындысы
06
маусым
2024

️2023 жыл қорытындысы

🔹️2023 жыл қорытындысы бойынша «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №47 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  біршама жетістіктерге жетті. 
  🔹️Қазақстан Республикасының 2007 жылы 21 шілдеде шыққан «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес және ҚР Үкіметінің осы заңға байланысты 2010 жылғы 2сәуірде шығарылған ережелері нәтижесінде облысымызда жыл сайын тендер жарияланады, тендердің нәтижесінде біздің мектебімізге 2023-2024 оқу жылына төмендегідей жұмыстарға және материалдық-техникалық заттарға қаржы бөлінді:
Ағымды жөндеу жұмысына – 7 000 000 тг;  ТОО «Консоль 2020» қызметімен (Асхана,  киім ауыстыру бөлмесіне ағымды жөндеу жұмысы жүргізілі).
Турникетке  -  8 499 680 тг, (ТОО «Досалы»), жылда өткізілетін әктеу, әрлеу, сырлау жұмыстарына–  1 800 000 теңге  бөлінді. 
Материалдық – техникалық заттарға:
- кеңсе тауарларына – 300 000 тг;
- хлордезин ұнтақ (ұнтақ, таблетка) – 292 000 тг;
Спорт  тауарларына – 192 000 тг;
Өрт  қауіпсіздігі  (өрт  сөндіргіш)  - 40 дана берілді, өртке қарсы дабыл қаққыш сигналы бойынша ТОО ”Досалы” қызмет көрсетеді. Өрт гидрант тексерістен өтті.  
Арнайы  киімге – 205 000 тг, шаруашылық  заттарға  600 000 тг  бөлінді.
Интернет желісі бойынша – ”Транстелеком” қызмет көрсетеді.
  🔹️Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында «Құқықтық кеңес», «Әкелер кеңесі» және мобильдік топ мүшелері жұмыс атқаруда. Нәтижесінде мектебімізде ешқандай жасөспірім ПБ-нің есебіне тіркелмеген. Сонымен қатар буллингтің алдын алу бойынша «Komek Stop Bullinq», «balaqorgau» ақпараттық жүйесі іске қосылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 14 бейнебақылау және дабыл түймесімен қамтылған. 10 бейнебақылау жедел басқару орталығына қосылған.
  🔹️Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап 5 санат жататын аз қамтылған отбасынан шыққан 254 оқушы, 1-4 сынып аралығындағы жалпы 632 оқушы жеңілдетілген тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.
  🔹️2023 оқу жылы   «Біртұтас тәрбие    бағдарламасы»  енгізілді. 
  🔹️Мектепте   балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі бойынша  мектептің ата- аналарымен  қарым – қатынасын күшейту, сондай – ақ берекелі  отбасы мәдениетін  дамыту   мақсатында  «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары» ашылып, айына бір рет 1-11 сыныптардың  ата- аналарымен сабақтар өтілуде.  
  🔹️Мектепте «Даналық мектебі»  соның шінде «Аналар мектебі», «Аталар мектебі», « Аға мектебі»,  «Жеңге мектебі»   жұмыс жасайды.
  🔹️Қыз балаларға рухани – адамгершілік тәрбиесін беру мақсатында  «Қыз Жібек» қыздар клубы жұмыс жасайды.
  🔹️Тәрбие жұмысында «Тарихқа  құрмет»,   «Еңбегі адал жас өрен», «Өнер мен құндылықтар», «Эковолентерлер», «Ұшқыр ой» дебат клубы,  «Парасат» оқушылардың өзін- өзі басқару ұйымы жұмыс жасауда.
  🔹️Мектепте психология    ғылымдарының  кандидаты   Г. Вероцкаяның «Бестерек» жобасы  енгізіліп, педагог- психологтар  жоба аясында жұмыс жүргізуде.
  🔹️Мектеп Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
  🔹️Қалалық білім бөлімі ұйымдастырған «Үздік ұйым- үлгілі ұжым» челленджіне қатысып жүлделі орынды иеленді.
  🔹️Мектептің зейнетке шыққан ардагер ұстаздары Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
  🔹️2023-2024 оқу жылында оқулықтар - 185, жұмыс дәптерлер - 1960, электронды оқулықтар - 334, көркем әдебиеттер - 325 келіп түсті. Сатр баспасынан түзете дамыту орталық оқушыларына 375 дана оқулықтар мен жұмыс дәптерлері, әдістемелер алынды. Барлығы: 3179 дана.
  🔹️ «Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына» арналған  қалалық буктрейлер байқауына қатысқан тұрақты оқырманымыз 7 сынып оқушысы Мамыров Жан ІІ орынды иеленді. Мектебіміздің кітапханасында «Төрт тоқсанға-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы бойынша мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Бізді ақылды ететін кітап-дана» атты   кітаптар керуені болып өтті.
  🔹️2023-2024 оқу жылында кітапхана саласын дамыту жолында қол жеткен табыстары және оған қосқан үлесі үшін кітапхана меңгерушіс Кунафина Бахытхан Ахметхановна  Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың  «Алғыс хатымен» марапатталды.
  🔹️Оқу процесіне дуальды оқыту жүйесі элементтерін енгізу туралы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен келісім шарт жасалды. 
  🔹️М.Х.Дулати  атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д, профессор  Бузаубакова Клара Джайдарбековна мен бірлескен  «Цифрлы Қазақстан жағдайындағы Смарт педагог» тақырыбында семинар өткізілді.
  🔹️Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген "JuniorSkills Jambyl-2023" облыстық олимпиадасына байқауы өтілді.
 🔹️Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының қолдауымен өткізілген  "JuniorSkills Jambyl-2023" облыстық олимпиадасына  байқауында облыс мектептерінің 13-15 жас аралығындағы оқушылар қатыстырылып жүлделі орындар иеленді. 
  🔹️«Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру» айлығының  жоспары негізінде мамандық таңдау бойынша «Тараз сервис және технология» колледжінде 9 сыныптар «Мамандық таңдау-маңызды» тақырыбындағы түрлі кәсіп иелерімен кездесті.
  🔹️Мектептегі кәсіподақ ұйымының қолдауымен, «Жомарт түлек» жобасы аясында мектеп фоэсіне стендтер қойылды.
  🔹️Мектепте оқушы саны 1682, білім сапасы – 65,4%. ҰБТ көрсеткіші – 78,8, жоғары оқу орнына 59 оқушы түсті, оның 34-і грант иегері. 4 оқушы «Үздік аттестат» иеленді.
  🔹️Қалалық 9-11 сынып оқушылары арасындағы пәндік олимпиадасы бойынша былтырғы оқу жылында 8 жүлделі орын, биылғы оқу жылы 18 жүлделі орынды иелендік. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Мамажан Ақсезім І орынды жеңіп алып облыстық кезеңге жолдама алып отыр.
  🔹️Оқушыларымыз «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы - Мағжан Жұмабаев» атты аймақтық эссе байқауына, қалалық «Ақберен» өнер байқауы, «Қазақтың біртуар ұлы-Дінмұхамед Қонаевтың» шығармашылық байқауы, «Абайтану» олимпиадасына, «Бақытты балалық шақ» атты эссе байқауына, І Республикалық «М.Мақатев  оқулары» байқауы, Шерхан оқулары байқауы, Маралтай оқулары байқаулары, пән олимпиадалары мен ғылыми жобаларға қатысып жүлделі орындар иеленді. 
  🔹️Мектептегі «Айналайын» би үйірмесінің жас өнерпаздары «Хореография» жанры бойынша    халықаралық байқауда -1 орынды, республикалық байқауда  бас жүлде және 1 орынды иеленіп дипломмен марапатталды.  
  🔹️Мұғалімдеріміз Халықаралық, Республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып іс-тәжірибелерімен бөлісуде. 
   🔹️Педагогтардың біліктілігі білім сапасына тікелей байланысты болғандықтан, олардың кәсіби өсуі де маңызды. 2023 жылы 54 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
  🔹️Педагогикалық кеңес тимбилдинг тәсілімен табиғат аясында өткізілді.
  🔹️Алда келе жатқан 2024 жыл шәкірттеріміз бен ұстаздарымыз үшін толағай табысты жыл болсын!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив