№47 орта мектебі туралы мәлімет. » СШ №47
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№47 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 57-07-10
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-07-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №47 орта мектебі туралы мәлімет.
22
мамыр
2017

№47 орта мектебі туралы мәлімет.

№47 орта мектебі туралы мәлімет.



№47 орта мектебі 1988 жылы ашылды. Мектеп мемлекет меншігіндегі заңды тұлға.

Заңды тұлғаның толық атауы «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №47 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Тараз қаласы Әділет басқармасынан берілген Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік нөмері 81-1919-01-ММ. Куәліктің берілген күні 28 мамыр 2012 жылы. Бизнес сәйкестендіру нөмері 970140002901.

Заңды тұлғаның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 080019, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, «Мыңбұлақ» мөлтекауданы. Байланыс телефон номерлері: 31-09-50,

31-36-75, 31-17-36.

2002 жылдың 17 мамырынан бастап салық төлеуші ретінде тіркелген. Тіркеу нөмері 211500063641. 

Мектепке жалпы орта білім беру саласында білім беру қызметімен айналасуға шектеусіз мерзімге Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінен мемлекеттік лицензия берілген. Лицензия №12017818. Лицензияның берілген күні 06.12.2012 ж.

Мектептің есеп шоты: KZ 25070103KSN2115000

Мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары мен үкімдерін, Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы органның шешімін, сондай-ақ «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №47 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын басшылыққа алады.

Мектепте оқыту мен тәрбиелеу қазақ тілінде жүргізіледі. Мектеп екі ауысымда жұмыс жасайды. 

Мектептің құрылыс ауданы – 3680,8 шаршы метр, ғимарат көлемі –  29893,0 шаршы метр, жалпы ауданы 6766,3 шаршы метр. Мектеп А типтік үш қабатты ғимаратта орналасқан. Сырт қоршауы - темір қоршау, есік алды асфальтталған және көгалдандырылған. Мектептегі суық су мен жылу және санитарлық байланыс құбырлары орталықтандырылған. Мектепте -3 қоқыс контейнері бар, «ЖК Әшірбекова А.Ә» аптасына 2 рет шығарылады.

Мекеме үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі бөлімі болып табылады және Қазақстан Республикасының бар азаматтарына мемлекет белгілеген құқық пен жалпыға  бірдей міндетті стандарт көлемінде ақысыз орта білім алу мүмкіндігін береді.

Мектептің жобалық сыйымдылығы 1176  оқушыға арналған және қосымша 100 балаға арналған «Нұрбөбек» шағын орталығының ғимараты бар. 

Мектептегі оқу бөлмелерінің саны – 44, оның ішінде интерактивті тақтасы бар оқу кабинеттері – 6 және 1 мультимедиялық кабинет, 1 әмбебап сынып (биология). 

Мектепте 2 спорт зал (үлкен, кіші) және оған қоса киім шешетін 4 бөлмесі мен 2 жуынатын, 2 әжетхана бөлмесі, спорт инвентарларды сақтайтын бөлме – 1, мұғалімдерге арналған 2 бөлме бар. Жыл сайын жаңа спорт инвентарларымен жабдықталып тұрады.

Мектепте 120 орынға арналған асхана жұмыс істейді. Асхана 100 пайыз ыдыспен қамтамасыз етілген. Ыдыс жуу мен сөрелер қойылған. Асхана едені кафелденген. Асхана қызметкерлері арнайы жұмыс киімдерімен қамтамасыз етілген. Асханада 2 тоңазытқыш, 1 шкаф-тоңазытқыш, 1 ет турағыш, 2 электр плиталары, 1 электр табасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, асхана қызметіне арналған 6 бөлмесі, 1 әжетхана қажетіне қарай пайдаланылады. Асхананың температуралық режимі тағамдардың сақталуына, нормаларға сай.

Мектептің және «Нұрбөбек» шағын орталығының медициналық   бөлмесі бар. Олар арнайы медициналық құрал-жабдықтармен, жиһаздармен жабдықталған, әр медициналық бөлмеде 1 тоңазытқыш, 1 сөмке тоңазытқышы, дәрі-дәрмекке арналған 1 шкаф, 1 кушетка, 1 ширма, егуге арналған стөл, 1 бой өлшегіш, 1 таразы, 1 кварц лампасы, құжаттарға арналған шкаф пен отыратын үстелдер. 

1. Қабылдау бөлмесі ауданы – 16,0м2.

2. Егу бөлмесі, ауданы  – 19,0 м2.

Мектептің мәжіліс залы 150 орынға арналған. Жыл сайын жөндеу (әктеу, сырлау) жұмыстары жүргізіледі. Жаңа талапқа сай безендірілген.

Мектепті қысқы маусымға дайындау үшін жыл сайын жылу құбырларына опрессовка жүргізіледі. 2013 жылы мектептің шатыры өртке қарсы құралмен қайта өңделді.

Мектептің өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында өртке қарсы дабыл қаққыш орнатылды.

2010 жылы мектепке 3 сыртқы және 1 ішкі бейне бақылау камералары орнатылды.

Мектеп қызметкерлері жылына 1 рет тегін дәрігерлік тексеруден өтеді

Мектептің терезесі 100 % 2 қабаттан терезеленген.

Мектеп түгелдей электр жүйесімен және өртке қарсы қолданатын құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Оқу кабинеттері санитарлық талаптарға сай орналастырылып, жабдықталған.


Мектептің оқу материалдық активтері:

1. Мектеп ғимараттары санитарлық нормаларға, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес.

2. Жалпы алаңы –  6766,3   кв.м.

1) Салынған алаңы –   29893,0 кв.м.

2) Қабат саны – 3

3) Оқу бөлмелер саны – 40

4) салынған жылы – 1988 ж.

3. Оқу – зертханалық бөлмелері:

1) Физика – 18,5 кв.м.

     Физика – 14,9  кв.м.

2) Химия – 16,2 кв.м

3) Биология – 15,8 кв.м.

4) Ағылшын тілі – 16,5 кв.м.

5) Информатика – 4,4 кв.м.

6) Шеберхана (ұлдар) –   74,3 кв.м.

     Шеберхана (қыздар) –  71,3 кв.м.

    Шеберхана (қыздар) –  71,5 кв.м.                                           

7) Дене шынықтыру залы:

    Үлкен спорт зал – 293,8 кв.м.

    Кіші спорт зал – 286,9 кв.м.

8) Мектеп асханасы – 228,3 кв.м.

Мектептің химия, физика, биология зертханалары 2010 жылы қазіргі талаптарға сай құрал-жабдықтармен жабдықталды. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив