Ералиева Күлбадан » СШ №47
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№47 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 57-07-10
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-07-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ералиева Күлбадан
12
желтоқсан
2017

Ералиева Күлбадан

        «Қыздар арасында туындайтын мәселелер» тақырыбында өткен

 қыздар жиналысы туралы мәлімет

 

    Қыз баланың қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғындыра отырып, әдеп пен сыпайылыққа, инабаттылық пен тазалыққа, әр түрлі тұрпайы жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында оқушы қыздар арасында  20.01.2016ж. сағат 12:15 де №47 орта мектептің мәжіліс залында жиналыс өткізілді.

            Мектеп директоры Ботамкулова Айнұр Батырбекқызы қыздарға берілетін отбасы тәрбиесі, мектеп тәрбиесі туралы, қыз бала – болашақ ана, ол өз бойын таза ұстауға, сыпайы, жарасымды киініп, өздерін қазақ қызына тән күтіп ұстауға тиіс екендігін айтып өтті.

 

 

 

 

           

           

       ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары  Абдикеримова Орынкүл Жетешқызы «Жасөспірімдер арасындағы ЖИСТ мәселелері» тақырыбында баяндама оқыды. Статистикалық есептермен дәлелдер келтіре отырып ЖИТСтің алдын алу жолдарын, сақтану жолдарын түсіндірді. Арнайы ЖИТС туралы кітапшалар мен буклеттер таратылып, кинофильм көрсетілді.

 

 

 

 

 

           

«Жаннұр» жастар орталығының акушер маманы Асқарбаева Роза әпкей мен әлеуметтік қызметкері Сахова Жібек әпкей «Қыздардың репродуктивтік денсаулығы», «Контрацепция», «Отбасын жоспарлау» тақырыптарында мектеп жасындағы қыздардың даму ерекшеліктері, ағзада болатын өзгерістер, қолайсыз жағдайлардың алдын алу туралы кеңес беріп, қыздардың сұрақтарына жауап берді. Арнайы жасөспірім қыздарға арналған бейнероликтер көрсетілді, ақпараттық парақшалар таратылды.  

            Қыздар арнайы мамандарға сұрақтар қойып, толығымен қанағаттанарлықтай жауаптар мен кеңестер алды.

№4 қалалық емхананың психолог маманы: Кеншинбекова Жанар Дукенбаевна «Қыздар арасындағы психологиялық мәселелер» тақырыбында сөз қозғады. Қыздар арасында туындайтын психологиялық құбылыстар: ұялу, қобалжу, ашулану, ренжу, өкіну, ішкі сырын басқа адаммен бөліспеу, қызғану, құрбылар арасындағы қарым қатынас тағы басқа жағдайлар туралы айтты. Нақты өмірде болған оқиғаларды мысал ете отырып, сондай жағдайлардан қалай шығу керектігі жөнінде құнды кеңестер берді. Қыздармен және қонақтармен психологиялық тренинг өткізді.  

 

 

 

                           

 

 

 

Ата-аналар комитетінің төрайымы Тоғысова Айнагүл әпкей «Отбасындағы қыздар тәрбиесі» туралы сөз қозғап, ақыл-кеңестер берді.Мектебімізде ұйымдастырылып отырған қыздар жиналысы уақытылы өткізілгендігін және өте әсерлі, тәрбиелік мәні зор іс-шара болғандығын атып айтты.

 

 

 


 

 

 

Мектебіміздің педагог-психологы Ералиева Күлбадан оқушы қыздарға қыз бала тәрбиесіндегі ең маңызды бағыттардың бірі қыздардың жас ерекшелік психологиясы екендігін айтты. Осыған байланысты қыздардың жан дүниесінде туындайтын мәселелер бойынша кез-келген уақытта ақыл-кеңестер беруге дайын екендігін айтты. Қыздардың көңіл-күйін көтеру мақсатында арнайы дайындалған әуенді психологиялық тренинг өткізді.

 

 

 

                  Әлеуметтік педагог:                                                           Өтеген.П.К

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив