13
желтоқсан
2018
З.Үмбетова
Мектебіміздің жоғарғы санатты биология пәнінің мұғалімі З.Үмбетова «Иммунитет. Гуморальдық және жасушалық иммунитет. Лейкоциттердің түрлі типтері және олардың қызметтері. Т – және В – лимфоциттердің әрекет етуі» тақырыбында ағылшын тілінде сабақ өтті. Сабақ жоспарының құрылымы өте жақсы, сабақта ағылшын тілі өте ұтымды қолданылды. Оқушылар бір-біріне ағылшын тілінде сұрақ қойып, жауап берді. Термин сөздерді ағылшын тілінде оқушылар жақсы меңгерген. Мұғалімнің теориялық білімі өте жоғары, оқушылардың сабаққа қызығушылығы жоғары болды. Мұғалімге қала көлемінде шеберлік сабақ беру ұсынылды.