Жаңартылған білім мазмұны арқылы бейнелеу өнері, технология, музыка сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдану
2017 жылы 26-қазанда өтілген облыстық, қалалық семинар-практикумы
Тақырыбы: Жаңартылған білім мазмұны арқылы бейнелеу өнері, технология, музыка сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдану
Мақсаты: Жаңартылған білім мазмұны аясында сабақтарда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушының көркемдік білімі мен шығармашылық дағдыларын дамыту жолдарын көрсету
Міндеті:
1. Өнер сабақтарына оқытудың белсенді әдістерін ықпалдастыру.
2. Сабақ үдерісінде оқушылардың білім, білік дағдыларын, өз бетінше ізденудің жолдарын көрсету.
3.Мұғалімдердің кәсіби тәжірбиесімен бөлісу.
1. Ақпараттық сессия: Жаңартылған білім аясындағы өнер пәндерін оқытудың ерекшеліктері
2. Әдістемелік құралдың тұсаукесері. Авторлық бағдарламалар көрсетілімдері.
- Қолөнер оқушы шығармашылығында- Жоғары санатты көркем еңбек пәні мұғалімі:
Манапбаева Н.Қ
-«Қолөнер. Оқушы. Шығармашылық »- Жоғары санатты көркем еңбек пәні мұғалімі
Қоңыраубаева Д.Т
3. Ашық сабақтар.
Көркем еңбек. 2-сынып«Натюрморт» Жоғары санатты технология пәнінің мұғалімі - Қаражігітова М.А.,Музыка. 2-сынып«Мен және менің достарым» Жоғары санатты музыка пәнінің мұғалімі -Қаптағаева Қ.,Көркем еңбек. 5-сынып«Бедерлі мүсін жасау» Жоғары санатты бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі-Махамбеткеримова И.Б.
4.Сыныптан тыс жұмыс. «Әуенді ойлап, тап»- Жоғары санатты музыка пәні мұғалімі Бердалиева Р.К.
Облыстық семинарға аудан, қала көлемінен 68 қатысып, тәжірибе алмасты. Семинардың өтілу барысы «өте жақсы» деп бағаланды.



