Критериалды бағалау жүйесін оқыту үдерісіне енгізу.
Мектепішілік бақылау мен басқару жоспарының №147 бұйрығына сәйкес 16.09.2017ж. күні әдістемелік кеңес жұмысы өтілді.
Қаралатын орны: Әдістемелік кеңес
Орындаған: ДҒӘІЖО –Алипбаева С.Н.
Қатысқандар саны: 125 мұғалім
Әдістемелік кеңес жұмысының тақырыбы: Критериалды бағалау жүйесін оқыту үдерісіне енгізу.
Мақсаты: Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін мұғалімдер критериалды бағалау мазмұнымен танысады. ҚБ және ЖЬ-ды топтық жұмыстар арқылы қолдануға үйренеді. ҚБ және ЖБ сабақ барысында қолданады, электронды журналға енгізеді, әдіс алмасады.
Мектеп тренері
№ 47 ом мектебінің мұғалімі- Махамбеткеримова И.Б
Тыңдаушылар
Пән мұғалімдері
Семинар тренингтің тақырыбы
Критериалды бағалауды қолданудың ерекшеліктері
Мақсаттары
Пән бойынша критериалды бағалау жүйесінің мазмұнына шолу және «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру»,
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша критериалды бағалау жүйесінің мазмұнымен таныстыру. Қалыптастырушы бағалау
құралдарын құрастыру дағдысын қалыптастыру (бағалау критерийі, тапсырма, дескрипторлар)
Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушыларға кері байланыс ұсыну дағдыларын қалыптастыру
«Есептелінді»/ «есептелінген жоқ» деген белгісінің қойылу нәтижелерін тіркеу
Бастапқы білімі
Жаңартылған бағдарлама бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары
Уақыт
Барысы
Кіріспе бөлімі
2 мин
Семинар тренинг өткізудің мақсатымен таныстырады (1,2-СЛАЙДТАР)
Аудиториямен танысу. Тренер әр қатысушыға таяқша таратады (немесе стикерлер жапсырылған сусын түтікшелерін,
т.б. қолдануға болады) және өзінің аты-жөнін жазып, естіртіп айтып, өзіне қайтып беруді сұрайды. Барлық таяқшалар
жиналып алынады және ол таяқшалар практикалық жұмыстарда, кері байланысты ұсынуда және талқылауларда
қолданылады. (3-СЛАЙД).
3 мин
Тренер түсіндіреді (4-СЛАЙД).
Бағалау стандарттары:
Критериалды бағалау мазмұны бағалау жүйесі стандарттарымен анықталады, яғни МЖМБС, оқу бағдарламасы және
пән бойынша оқу жоспары.
МЖМБС-да білім алушылардың пән бойынша дайындық деңгейіне қойылатын талаптар белгіленген,ол Блум таксономиясы
арқылы берілген.
Оқу бағдарламасында және оқу жоспарында оқыту мақсаттары және пән бөлімдері көрсетілген.
Бағалау құралдары:
Күтілетін нәтижелері мен оқыту мақсаттары негізінде бағалау критерийлері құрастырылады.Критерийлер білім алушылар
үшін түсінікті, өлшейтіндей, бақылайтындай болуы тиіс. Осыдан кейін бағалау критерийлері мен ойлау дағдыларының
деңгейіне сәйкес деңгейлік тапсырмалар құрастырылады.
Бағалау үдерісі:
Бағалау үдерісінде қалыптастырушы бағалау қолданылады.
Нәтиже:
Білім алушылар қалыптастырушы бағалау қорытындысы бойынша оқу үдерісін түзетуге ықпал ететін тиімді кері байланысты
алулары қажет.
Әр тоқсан және оқу жылының соңы бойынша «есептелінді»/ «есептелінген жоқ» деген белгі қойылады.
Қалыптастырушы бағалау
10 мин
Тренер түсіндіреді (5-СЛАЙД).
Қалыптастырушы бағалаудың тиімді практикасы ұсынылған барлық элементтерді жабуға тиісті.
Сіз өз бетіңізше өткізілген қалыптастырушы бағалаудың сапасын бағалай аласыз.
Ол үшін сіз келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
Қалыптастырушы бағалау кезінде барлық мақсаттарды бағалай аласыз ба?
Сіз өткізген қалыптастырушы бағалау білім алушының ілгерілеуін өлшеуге мүмкіндік бере ме?
Қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша білім алушыларды ынталандыру арта ма?
Сіз тапсырмаларды басқаларға қарағанда тез орындайтын білім алушылармен не істейсіз?
Білім алушылардың көпшілігі алдыңғы тақырыпты меңгермесе де, сіз жаңа тақырыпты бастай бересіз бе?
Бірін-бірі бағалау және өзін-өзі бағалаудың сапасын қадағалайсыз ба?
Сіздің кері байланысыңыз тиімділікті \ білімді жетілдіруді анықтауға мүмкіндік бере ме?
Егер қалыптастырушы бағалау барлық нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берсе,
онда сіздің тәжірибелік жұмысыңыз жоғары деңгейде өтеді.
2 мин
Тренер қалыптастырушы бағалаудың артықшылықтарын тізіп айтады және қорытындылайды (6-СЛАЙД)
Білім алушы қалыптастырушы бағалау барысында қателесуге және оны түзетуге құқылы.
Білім алушылардың мүмкіндіктерін, қиындықтарын
анықтауға, ең жақсы нәтижелерге қол жеткізулеріне, оқу үдерісін уақытылы түзетулеріне мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау оқу жетістіктерінің өсуі мен дамуына тікелей әсер ететін және мұғалім мен
білім алушының арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін үдеріс.
Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінде барлық оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарын қамтуы тиіс.
5 мин
Тренер қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмін түсіндіреді.(7-СЛАЙД)
1. Оқу мақсаттарына шолу
Оқу мақсаттары мен бөлімдер оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында берілген.
2. Бағалау критерийін анықтау
Оқу мақсатының негізінде бағалау критерийі құрылады. Білім алушылар үшін критерий түсінікті, өлшенетін, бақыланатын
болуы керек.
3. Ойлау дағдыларының деңгейі мен бағалау критерийін сәйкестендіру
Бағалау критерийі Б.Блум таксономиясымен негізделген ойлау дағдыларының үш тобына сәйкестендіріледі. Сонымен бірінші
топ білу және түсіну, екінші-қолдану, үшінші топ –бұл жоғары деңгей дағдылары (анализ, синтез, бағалау)
4. Тапсырма құрастыру
Тапсырманы келісілген оқу мақсатына, ойлау дағдыларының деңгейіне және бағалау кртерийіне сәйкес мұғалімдер құрастырады
5. Дескрипторлар құрастыру
Дескрипторлар тапсырмаларды сипаттайтын іс-әрекеттерді білдіреді.
3 мин
Тренер қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының үлгісін көрсетеді
(8-СЛАЙД).
1. Пән бойынша оқу бағдарламаларына шолу
2. Бағалау критерийін құрастыру
3. Ойлау дағдыларының деңгейі мен бағалау критерийін сәйкестендіру
4. Тапсырма құрастыру
5. Тапсырмаларға дескриптор құрастыру
30 мин
Практикалық жұмыс (9,10,11-СЛАЙДТАР).
Тренер қатысушыларды топтарға бөліп, тапсырмаларды құрастыру үшін шаблондар таратады.
Бағалау критерийін, тапсырманы, дескрипторларды құрастыру дағдысын және оны қолдануды қалыптастырады.
Үлестірмелі материал: 1_Үлестірмелі материал_1.1+1.2. doc
Тыңдаушылар бағалау критерийін, тапсырманы, дескрипторларды ретімен құрастырады. Бағалау критерийін және дескрипторларды
құрастыру кезінде «біледі», «түсінеді», «жасай алады» және т.б. сөздерді қолданбаған жөн.
Мұндай сөздердің бағалануы қиындық туғызады және тапсырманы орындаудың нақты әрекетін көрсетпейді.
Тапсырманы орындау кезінде тренер тапсырмаларды орындалу үдерісін бақылап, жазып отырады.
Жұмыстардың қорытындысы бойынша құрастырылған бағалау критерийін, тапсырмаларды және дескрипторларды салыстырып,
талқылайды.
Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін жарты топ бір-бірінің жұмыстарын бағалау үшін ауыстырып алады.
Келесі топ өз жұмыстарын бағалайды.
Тыңдаушылардың аты-жөні жазылған таяқшалар көмегімен тренер 2-3 тыңдаушыны таңдайды, олар өздерінің бағалау
(бір-бірін бағалау, өзін-өзі бағалау) нәтижелерін көрсетеді. (12-СЛАЙД).
Тренер тыңдаушылардың арасынан талқылауға белсенді қатысқандарға және талқылауға мүлдем қатыспағандарға кері байланыс береді.
Тренер кері байланыс ұсына отырып, бақылау кезінде жасаған өзінің жазбаларын көрсетеді.
3 мин
Тренер қалыптастырушы бағалау үшін құрастырылған тапсырмалар үлгісін көрсетеді (13,14-СЛАЙДТАР).
5 мин
Тренер кері байланыс беру мен кері байланыстың түрлерін түсіндіреді (15,16,17-СЛАЙДТАР).
Қорытынды бойынша тұжырым жасалады: дұрыс ұйымдастырылған жағдайда қажетті білім алушылар санына қысқа мерзімде
өзін-өзі және өзара бағалауды қолдана отырып, кері байланыс беруге болады, яғни, қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін
қолдануға, ізденуге тура келеді, барлығы мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Бір сабақ көлемінде барлық оқушыларға кері байланыс беру керек деген талап жоқ. Кері байланыс үлгерімі төмен білім алушылар
үшін аса пайдалы болып келеді.
3 мин
Тренер тыңдаушылардан қалыптастырушы бағалау туралы алған ақпараттарын толықтыруды және қорытындылауды сұрайды (18-СЛАЙД).
Тыңдаушылардың толықтырулары болуы мүмкін:
Білім алушының оқу бағдарламасын меңгерудегі кеткен кемшіліктерін жоюға ынталандыру
Өзін-өзі және өзара бағалау дағдыларын қалыптастыру
Оқытудағы ілгерілеуді қадағалау.
2 мин
Тренер бағалау бойынша негізгі құжаттардың тізімін көрсетеді (19-СЛАЙД). Білім және ғылым министрлігінің
№ 125 бұйрығының 3 бөліміне ерекше көңіл аудару қажет.
2 мин
Тренер жүйелік-әдістемелік кешенді көрсетеді (20-СЛАЙД).
Әр мұғалім қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының жинағындағы кез келген тапсырмаға комментарий
бере алатынына ерекше көңіл аудару керек.
2 мин
Тренер жүйелік-әдістемелік кешенде тапсырмаларға комментарий қалдыру әдісін түсіндіреді (21СЛАЙД).
1 мин
Тренер «көркем еңбек» пәні бойынша ББЖҒМ-ның №125 бұйрығына сәйкес жиынтық бағалау жүргізілмейтіндігін түсіндіреді (22-СЛАЙД).
Нәтижесі «есептелінді»/ «есептелінген жоқ» қойылады. (23-СЛАЙД).
2 мин
Тренер нәтижені тіркеудің негізі болып «есептелінді»/ «есептелінген жоқ» табылатынын түсіндіреді (23-СЛАЙД).
Кері байланыс
5 мин
Рефлексия (24-СЛАЙД).
Үлестірмелі материал: 2_Рефлексия.doc