Ратаева Гүлжан Самбетбайқызы

1995 жылы Алматы қаласы Қазақтың қыздар педагогтік иниститутын
«Педучилищедегі педагогика және психология пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
1996-2007 жылға дейін №1 Қ. Сарымолдаев атындағы балалар үйінде тәрбиеші, 2007 жылдан -2016 жыл аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2009-2010 жылы «Бөбек» Ұлттық ғылыми практикалық білім беру және сауықтыру орталығының Адамды үйлесімді дамыту институтымен біріге отырып Қазақстан Республикасындағы балалар үйлеріне арналған «Өзін – өзі тану» бағдарламасы бойынша әдістемелік құралдың авторы
«Табысқа жол» және балаларға рухани – адамгершілік тәрбиесін беру, жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге тәрбиелеу» атты екі тәжірибелік – эксперименттік бағдарлама жасауға ат салысты.
Тәрбие жұмысында жеткен жетістіктері үшін 2005 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», «2009 жылы жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Алғыс хатымен», 2011 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.