Жақсылықбаева Патима Жұмағалиқызы

№47 орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жақсылықбаева Патима Жұмағалиқызына
Т.А.Ә. Жақсылықбаева Патима Жұмағалиқызы
Лауазымы: директорының оқу -тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жалпы еңбек өтілі: 26 жыл
Педагогикалық енбек өтілі: 24 жыл
Біліктілік санаты: педагог – зерттеуші
Басшының орынбасары ретінде біліктілік санаты: екінші санат
Басшы орынбасары ретіндегі еңбек өтілі: 16 жыл
Қазіргі лауазымға тағайындалған күні: 1.09.2016 ж. - 2016 жыл. Бұйрық №78 т.3
Жақсылықбаева Патима Жұмағалиқызы Жамбыл облысы, Меркі ауданында туылған.
Патима Жұмағалиқызы 1997 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінің «Педагогика және бастауыш мектеп оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша, 2007 жылы «Аулие-Ата» университетінің қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры бойынша бітірген. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі 22 жыл. 2008 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Еңбек жолын 2001 жылы Тараз қаласындағы №30орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болап бастаған.
2006-2014 жылдар аралығында №30 орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметтін атқарды.
2015-2016 жылдар аралығында №47орта мектебінде директордың бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары;
2016-2021 жылдар аралығында оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2017 ж. «Педагог хабаршысы» республикалық педагогикалық ғылыми-практикалық материалдар топтамасының №4 санына үздік жұмысын жариялағаны үшін дипломмен марапатталды.
2019 ж. «Білім әлемі» республикалық педагогикалық журналының 1(89) санында «Сүйіспеншілік – жаны ашу, аяушылық» тақырыбында үздік сабақ жоспары жарияланды.
2017 ж. «Алтын қыран» республикалық білім дамыту және мәдени шығармашылық орталығының «Үздік маман» төс белгісімен (куәлігі, сертификаты қосымша) марапатталды.
2017 ж. «Педагог хабаршысы» Халықаралық ғылыми танымдық, педагогикалық журнал №4, 22 ақпандағы санына «Бейінді оқыту – болашаққа бағдар» тақырыбында коучингі жарияланды;
2017 ж. Республикалық ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журнал №3 (12) «Абайдың он жетінші қара сөзі» сабағы жарияланды;
2018 ж. Serpin ұлттық білім және инновация палатасы, Bilge халықаралық ақыл ойды дамыту орталығы, Bilgen ұлттық авторлық методика және бағалау орталығының «Құрмет грамотасымен» марапатталды;
2019 ж. «Мұғалімдер айнасы» республикалық педагогикалық журналының №10 санында «Абайдың жиырма бесінші қарасөзі» тақырыбында үздік сабақ жоспары жарияланды;
2019 ж. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Бірлестігінің 10 жылдығы құрметіне арналған “Мәңгі Ел, Қазақстаным!” ғылыми-практикалық ұстаздар конференциясындағы ғылыми жобасы, баяндамасы үшін І дәрежелі диплом;
2019 ж. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Бірлестігінің 10 жылдығы құрметіне арналған “Мәңгі Ел, Қазақстаным!” ғылыми-практикалық ұстаздар конференциясындағы ғылыми жобасы, баяндамасы үшін Құрмет грамотасымен марапатталды;
2019 ж. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен Қазақтың Ұлы ақыны А. Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай «Абай - дана - Абай дара қазақта!» атты педагогтар арасында өткен республикалық байқауына қатысып ұздік нәтиже көрсеткені үшін І орын дипломмен марапатталды;
2019 ж. «Үздік ашық сабақ» республикалық байқауға қатысып І орын дипломмен марапатталды.
2019 ж. «Жаңашыл педагог» шығармашылық байқауына қатысып «Үздік сабақ» номинациясымен марапатталды.
2019 ж. «Мың бала» интеллектуалды сайтында «Білім беру ісінің майталманы» республикалық байқауға қатысып І орын дипломмен марапатталды.
2019 ж. Оқу-әдістемелік құрал «Жаңартылған білім мазмұны бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді үлгілік сабақ жоспарлары» (УДК 544,023; ББК 54,19) 2017 ж. Республикалық ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журнал №3 (12) «Абайдың он жетінші қара сөзі» сабағы жарияланды;
2019 ж. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтады. 10.07.2019. БЖ №016699 «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы;
2020 ж. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша «Білім берудегі менеджмент» 72 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады (тіркеу №002488 берілген күні 16.11.2020 ж. Нұр-Сұлтан қаласы;
2020 ж. қараша айының №11 «Ұлы дала ұстазы» халықаралық журналына «Қазақ тілі пәнінде ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолданудың маңызы» тақырыбында мақаласы жарияланды;
2020 ж. желтоқсан айының №12 «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналына «Рухани жаңғыру – егеменді еліміздің жарқын болашағы» атты тақырыпта мақаласы жарияланды, құнды еңбегі үшін Алғыс хат, сертификат, І дәрежелі дипломмен марапатталды;
2020 ж. желтоқсан айының №97 «Педагог хабаршысы» халықаралық ғылыми-танымдық журналына «Қашықтықтан білім беру аясындағы инновациялық қадам» тақырыбында өткен семинар-тренингі жарияланып, үздік жұмысы үшін халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының дипломымен марапатталды.
2020 ж. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Онлайн сабақ өту жолы» атты білім саласы қызметкерлерінің І Республикалық байқауына «Қашықтықтан білім беру аясындағы инновациялық қадам» тақырыбы бойынша қатысып үздік нәтиже көрсеткені үшін І орынмен марапатталды. (тіркеу №009/003 Алматы – 2020).
2020 ж. Білім сапасын арттыру барысында облыс көлемінде іс-тәжірибесін таратқаны үшін біліктілікті арттыру және кәсіби қосымша даярлау институтының алғыс хатымен марапатталды.
Патима Жұмағалиевна өзінің құзыретіне кіретін лауазымдық міндеттерді сапалы орындайды. Қоғамдық орындарда, ұжым ортасында жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтай біледі. Өзінің іс-әрекетімен, мінез-құлқымен қоғам тарапынан, білім бөлімі тарапынан айтылатын сынға себепкер болмаған. Жамбыл облысы білім саласындағы қоғамдық жұмыстарға атсалысады.