«Менің мамандығым-менің болашағым» » СШ №47
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№47 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 57-07-10
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-07-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің мамандығым-менің болашағым»
28
қыркүйек
2019

«Менің мамандығым-менің болашағым»







№47 орта мектебінде 10 – сынып оқушыларымен 27.09.2019 жылы  «Менің мамандығым-менің болашағым» тақырыбында семинар- тренинг  өткізілді.
 Мамандық таңдау – маңызды мәселе.
Мамандық таңдауда Ж. Аймауытовтың жастарға айтқан ақылы: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ, әр өнер, әр қызмет мемлекетке, әлеуметке қажет».Мамандық таңдау – өте жауапты және маңызды іс.
Семинар- тренингтің мақсаты: оқушыларға мамандықтар туралы мәлімет беру және ол мамандықтардың оқушыларға қоятын талаптарын ұғындыру.
 Міндеті:
  1.оқушыларды таңдау еркіндігінің дұрыстығына бағыттау өз мүмкіндіктерін толық ашуға жағдай жасау
2.әрбір жеке оқушының психологиялық, тұлғалық дамуында бейімділіктері мен қабілеттерін ескеріп даралау;
3.белсенділіктің барлық түрін (танымдық, әлеуметтік, шығармашылық) жауапкершілікпен  жүзеге  асыруға бағыттау;
     Оқушылардың тұлғалық және кәсіби өзін - өзі табуы барысын жетілдіруі бойынша және  оқушыларды белгілі бір мамандыққа бағыттауда қажетті дағдыларды қалыптастыру үшін директордың бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Нұрбекова Г.А.семинар барысында  оқушылардың таңдау еркіндігінің дұрыстығына бағыттау өз мүмкіндіктерін толық ашуға жағдай жасау керек екендігіне толық тоқталып,түсінік берді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұалімі Байырова Жұлдыз «Мамандықты қалай таңдау керек?»тақырыбында баяндама оқыды Мектеп психологы Әбдеш Нұргүл Бауыржанқызы «Менің мамандығым-менің болашағым» тақырыбында жаттығу жұмыстарын өткізді. 10-сынып оқушылары   өздерінің қалаған мамандығы туралы   өз ойларын ортаға салды.   

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив