Латын әріптері бойынша мемлекеттік тілдің алфавиті үшін бірыңғай стандарт енгізу туралы
Латын әріптері бойынша мемлекеттік тілдің алфавиті үшін бірыңғай стандарт енгізу туралы
№47 орта мектебінде осы тақырыптың төңірегінде бірнеше кездесулер, ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер мен дебаттар өтілді. Соның бірі, «Латын әріптері бойынша мемлекеттік тілдің алфавиті үшін бірыңғай стандарт енгізу туралы» өтілген кездесу. КездесугеДунесова Гүлжазира Қойшыбаевна-Абай атындағы орталық кітапхана бөлім меңгерушісі, Шералхан Жұлдыз-Атай атындағы кітапхана ісі әдіскері қатысты. Онда баяндамалар оқылып, мұғалімдер өзара ой бөлісті.
Қазақ елінің басты жаңалығының бірі –Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы және онда көтерілген мәселе – қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру идеясы. Қазіргі таңда бұл мәселе ел ішінде қолдау тауып, көпшіліктің қатысуымен қызу талқылануда.
Бұл мәселеде академик Әбдіуәли Қайдар алғаш рет 1993 жылдың қазан айында «Ана тілі» газетінде «Латын әліпбиінің болашағы зор» атты мақала жарияласа, 2006 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқ емес. Қазіргі уақытта техниканың тілі дамыған заман екенін білеміз. Әсіресе латын әліпбиі әлемде кеңінен тараған графика. Тіпті өз мемлекеттік әліпбиі бар елдер де шет елдер тілдерін үйренгенде ғылым мен техника, медицина салаларын игергенде латын әрпін үйренуді және қолдануды қажет етеді. Осы жағынан алғанда оны халықаралық әліпбиі десе де болады. Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің 22-сі латын әліпбиін пайдаланады, ең мықты экономикасы бар 10 мемлекеттің 7-еуі, әлемдегі ең бай 20 мемлекеттің 18-і латын әліпбиін тұтынады. Дүние жүзінде бизнес жүргізуге ең қолайлы 30 мемлекеттің 25-і – латын әліпбиін қолданушы елдер. Ал, халқы ең көп Қытай мен қарыштап дамыған Жапония өз оқушыларына бейімделген латын әрпін үйретеді екен. Біздің еліміз де латын қарпін қолданудың аздаған жылдар болса да 1929-40 жылдар аралығында тарихи тәжірибесінен өткені белгілі. Бұдан кейін латын қарпі қоғамдық өмірден жоғалып кеткен жоқ.Ал, тәуелсіздік алып, әлемдік қауымдастыққа тең мүше болған біздің Қазақстанда латын тілі бұрынғыдан да көп қолданыла бастады.
Демек, латын әліпбиі – Ұлы дала елін өркениетпен қабыстыратын алтын көпір. Латынға оралу заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Бұл жазу – елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш. Бір сөзбен айтқанда, латын графикасына көшу – 42 әріпті латын әріптерімен алмастыра салу емес, тілімізді жат ережелер мен белгілерден тазарту, емлені қазақ тіліне бейімдеу болып табылады. Ең бастысы , қазақтың сөзінің әрбір үндес әуезін сақтайтын және морфема құрамын, буын түрін, тасымал ережесін бұзбайтын орфографиялық емле ережелерін жасау қажет деп ойлаймыз.Иә, латын әліпбиіне көшу – бір күнде шешілетін мәселе емес. Уақыт өте келе бәрі рет-ретімен өз жүйесін тауып, қолданысқа енетініне сеніміміз мол. Себебі, латын қарпі тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне, отандық ғылым-білім саласының дамуына орасан зо ықпал ететіні анық. Сөзімді қорыта келе, елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын игі бастаманы қазақ елі бірауыздан қолдайтынына кәміл сенемін.
Көтерілген мәселелер, сұрақтар немесе ұсыныстар, пікірлер: Латын әліпбиінде тіл ауыспайды, таңба ғана ауысады делінген, ол қандай
таңбалар? Не
үшін латын әліпбиіне көшуіміз қажет, біз оған дайынбыз ба, оның
маңыздылығы неде? Оқулықтар, басылымдар, кітапхана қорындағы кітаптар қалай болмақ?
Қазақ жазуына түбегейлі реформа қажет;Латын қарпіне көшу үшін асығыстыққа бой
алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктері зерделеніп, түбегейлі талданып, халыққа тиімді жақтары толық қарастырылып барып
енгізілсе және қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстары жүйелі
жоспарланса;Жоғары оқу орындарында қажетті мамандар оқытылып шығарылса; ҚР президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңарту»
мақаласында айтылғандай біз қолдаймыз әрі мұғалім ретінде жұмыс атқарамыз. «Латын әліпбиі: білім-әлемдік, тәрбие ұлттық»
деген елбасының сөзін қолдаймыз деп, спикерлер Пірімқұлова Фарида
Шайхиевна-тарих пәнінің мұғалімі, Айсеитова Толқын Азреталиевна-тарих пәнінің
мұғалімі, Байырова Жұлдыз Рысбековна-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
өз ойларын ортаға салды.
«Заманауи мектеп және латын алфавиті» тақырыбында өтілген ашық сабақтар
Дүйсенова Ләйлә Орынбасаровна-7 сынып оқушыларымен, Сапбекова Индира Тореновна-8 сынып оқушыларымен, Тоғаева Нұргүл Байжұмановна-9 сынып оқушыларымен аталған тақырыпта ашық сабақтар өтіліп, оқушыларға түсіндіру ақпараттық жұмыстары жүргізілді.