Нұрбекова Гүлнар Амирешқызы директордың бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары
Тараз қаласы №47 орта мектебі
Нұрбекова Гүлнар Амирешқызы
директордың бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары
Түйіндеме
1.Аты-жөні: Нұрбекова Гүлнар Әмірешовна
2.Туған жылы: 02.11.1968ж
3.Туған жері: Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылы
4.Бітірген оқу орны: Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
5.Білімі: жоғары
6.Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті
7.Лауазымы: директордың бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары
8.Еңбек өтілі:30 жыл
9.Пед.өтілі: 30 жыл
10.Санаты: жоғары
11.Шығармашылық тақырыбы: қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың дарындылығын арттыру
12.Жеке қасиеттері: ізденімпаз, жауапкершілікті, мақсатқа ұмтылғыш, жаңашыл
13.Қызығушылығы: әдеби кітаптар оқу, өнер саласы
Нұрбекова Гүлнар Амирешқызы 2017жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының дипломымен, халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Үздік баяндама» байқауына қатысып І дәрежелі дипломмен, ІІІ Республикалық «Мәңгілік ел ұстаздары» атты тәжірибелі, білікті білім саласының үздік қызметкерлерінің антология жұмысына белсене қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. 2017ж Халықаралық «Үздік сабақ жоспары» байқауында l дәрежелі дипломмен, 2017-2018 оқу жылында «BILGEN BAIGE» зияткерлік білім сайысының облыстық олимпиадасында жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін шыңдау және ғылыми ізденіске құлшынысын арттырғаны үшін құрмет грамотасымен марапатталды. «Өрлеу» ұстаздарға арналған интернет порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық оқытушылар арасында,әдебиеттік оқу пәні бойынша олимпиадаға қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Облыстық «Менің анам ерекше» тақырыбында эссе,мақала жазу байқауының жеңімпаздарын дайындағаны үшін алғыс хатпен, «Жаңаша оқыту жолында.КZ »Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен «Құс жолы» өнер байқауына шәкірт дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. «Өрлеу»біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Білім беру мекемелеріндегі бейіндік оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсының сертификатын, «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту»жобасы бойынша Қазақстан Оқу Ассоциациясының сертификатын иеленді.2018 жылы «Білім беру ұйымдары, оқу-әдістемелік кабинеттер, оқу-әдістемелік орталықтар әдіскерлерінің және облыстық білім басқармаларының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімдері қызметкерлерінің қызметіне инновациялық білім беру бөлімдері технологияларын енгізу» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік техникалық қызметкерлерін және басшыларын халықаралық талаптарға сәйкес біліктілігін арттыру сертификатын иеленді.
Оқушылары «Жаңаша оқыту жолында КZ » Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастырылуымен «Құс жолы» өнер байқауында Г. Оразғали ІІ дәрежелі дипломмен, Gylym-bilim. Kz халықаралық ғылым-білім интернет ресурсымен ұйымдастырылған «Жас дарын» атты Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсына 7-сынып оқушысы Шәдібек Аяжан қатысып ,жүлделі ІІІ орынды иеленді, «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Қазақ тілі»пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадаға 5-сынып оқушысы Иманбекова Нұрай қатысып,І дәрежелі дипломмен, 2016 жылы «Менің анам ерекше» тақырыбында оқушысы облыстық эссе,мақала жазу байқауында оқушысы Болатбекова Аяулым ІІ дәрежелі дипломмен мараптталды.