Білікті маман» дөңгелек үстел
«Білікті маман» дөңгелек үстел
№47 орта мектебінде «Білікті маман» тақырыбында 9-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: - жастардың дұрыс мамандық таңдап, сапалы білімді алып, болашақта қажетті кәсіппен айналысып, қаржылық және әлеуметтік тұрғыда тәуелсіз болуы үшін бағыт-бағдар беру.
Дөңгелек үстелді директордың бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Нұрбекова «Білікті маман» туралы кіріспе сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелге Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінің методисі Еркебаева Айсұлу Жақсықұлқызы,Тараз-Сервис және технологиялық колледжінің методисі Айдашбекова Ғалима Жақсыбекқызы, Тараз Болашақ жоғары медициналық колледжініңметодисі Жылысбаева Роза Құттыбаевна мамандық бойынша оқытушыларымен қонаққа келді..Мамандар өз оқу орнындағы мамандық туралы слайдпен түсіндірді.Оқушылар мамандарға сұрақтар қойып.өздеріне қажетті жауапты алды. Дөңгелек үстелдің соңында мектеп директоры А.Б.Ботамкулова «Білікті маман» туралы қорытынды сөз алды. Сөз соңында мамандық таңдауда екі негізгі ұстанымды есте сақтаңыз. Бастысы, өзіңізді мамандыққа емес, мамандықты өзіңізге өлшем етіңіз немесе “Маған осы мамандық керек пе?”, “Мен осы мамандықтың үдесінен, талабынан шыға алам ба?”-деген сұрақты қойыңыз. Сонда жүрегіңіздің қалауын табасыз. Екінші ұстаным - “Егер, мен осы мамандықты игергенде мемлекетіме не істеп бере аламын”- дегенді ойлаңыз. Себебі, түбі бәрімізде мемлекет үшін жұмыс істейміз. Мемлекеттің Сізді керексінуі - Сіздің болашағыңыздың жарқын болғандығы. Мемлекет - біздің отанымыз. Елімізді сүйіп, еліміз үшін қызмет істейтін азаматтардан болайық. –деп қорытындылады.


