Сметов Елдос Бахтыбайұлы
Сметов Елдос Бахтыбайұлы 1992 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниге келген. 1999 – 2007 жылдары №47 орта мектебінде білім алған. №47 орта мектебінде 6 сыныпты бітіріп, 7 сыныпты 2007 – 2010 жылдары Алматы қаласындағы Қаркен Ахметов атындағы спорт мектеп интернатында оқыған. Елдос 2011 -2015 жылдары Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде биология және биотехнология факультетін бітірді.
2015 -2017 жылдары ҚазГУ – дің заң факультетін бітірген.
Қазақстандық дзюдошы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.Рио де Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы (Астана, 2015 жыл), Жастар арасындағы Әлем чемпионы( 2010 жыл), Азия Чемпионы (Ташкент, 2016 жыл), Халықаралық « Турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок, 2013 жыл), Азия ойындарының жеңімпазы (Инчхонь, 2014 жыл) .