Ақжүрек Достықұлы Таңатаров
Ақжүрек Достықұлы Таңатаров 1986 жылы 3 қыркүйекте Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Құмарық ауылында дүниеге келген. 1997- 2002 ж.ж. аралығында №47 орта мектебінде білім алған.
2006 жылы Жамбыл политехникалық колледжінің «Дене шынықтыру» бөлімін, 2010 жылы Х.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Дене шынықтыру» бөлімін бітірген.
Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, бірнеше дүркін халықаралық біріншіліктердің жеңімпазы. 2012 жылы Лондон қаласында өткен ХХХ жазғы олимпиаданың еркін күрестен қола жүлдегері.
Қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы № 5 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарады.