Лаңкестік жағдай кезіндегі мектеп оқушылары мен қызметкерлердің іс-әрекеті
Тараз қаласы, №47 орта мектепте мамыр айының 12-сі күні Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Лаңкестік жағдай кезіндегі мектеп оқушылары мен қызметкерлердің іс-әрекеті» тақырыбында оқу-жаттығу жоспарлы түрде өткізілді. Лаңкестік жағдай туралы сигнал берілгенде штаб мүшелері білім алушылар мен мектеп қызметкерлерін алаңға алып шықты. Жаттығу өткізу кезінде мектептің алғашқы штаб мүшесі оқушыларды сапқа тұрғызып, Азаматтық қорғаныстың штаб басшысы Жақсылықбаева Патима Жұмағалиқызына оқушылардың түгел эвокуация жасалғандығы туралы рапорт берді. Жаттығу өткізу барысында Азаматтық қорғаныс бастығы «Лаңкес» сөзі туралы мағұлмат беріп, болған жағдайда қорғану мен тиісті орынға хабар беру туралы түсіндірді. Сейсможаттығуға мектептен 1210 оқушы қатысты. АҚ және ТЖ штабының бастығы П.Ж.Жақсылықбаева жыл бойы өткізілетін өмір қауіпсіздігін сақтау бағытындағы жұмыстарды оқушылар есіне салды. АҚ штабының мүшелері өз міндеттерін тиянақты атқарды.