Лаңкестік жағдай кезіндегі оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің іс-әрекеті
Тараз қаласы, №47 орта мектепте ақпан айының 17-сі күні Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Лаңкестік жағдай кезіндегі оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің іс-әрекеті» тақырыбында сейсможаттығу жоспарлы түрде өткізілді. Лаңкестік жағдай туралы сигнал берілгенде штаб мүшелері білім алушылар мен мектеп қызметкерлерін алаңға алып шықты. Жаттығу өткізу кезінде мектептің алғашқы Азаматтық қорғаныс басшысының орынбасары Қайранбаев Жақсылық оқушыларды сапқа тұрғызып, Азаматтық қорғаныс штаб басшысы П.Жақсылықбаеваға оқушылардың түгел эвокуация жасалғандығы туралы рапорт берді. Жаттығу өткізу кезінде жарақат алған балаларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жолдарын түсіндірді. Сейсможаттығуға І ауысым бойынша 878 оқушы, ІІ ауысым бойынша 846 оқушы қатысты. АҚ және ТЖ штабының бастығы П.Ж.Жақсылықбаева жыл бойы өткізілетін өмір қауіпсіздігін сақтау бағытындағы жұмыстарды оқушылар есіне салды. АҚ штабының мүшелері өз міндеттерін тиянақты атқарды.





