18
ақпан
2020
2020 жылдың, 12 ақпан күні кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен түрлі келеңсіздіктердің алдын алу және қыз балаларға рухани - адамгершілік тәрбиесін беру мақсатында 8-11 сынып қыздарымен жалпы мектепішілік жиналыс өткізілді.
2020 жылдың, 12 ақпан күні кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен түрлі келеңсіздіктердің алдын алу және қыз балаларға рухани - адамгершілік тәрбиесін беру мақсатында 8-11 сынып қыздарымен жалпы мектепішілік жиналыс өткізілді. Жиналысқа Тараз қалалық білім бөлімінің әдіскері Э. Н. Тортаева, Тараз қаласы прокуратура бөлімінің аға прокуроры А. С. Пешеков, ата - аналар комитетінің төрайымы А.Тоғысова мектеп директоры А. Ботамкулова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Ратаева, мектептің педагог - психологтары Г. Тайлюбекова, Н. Әбдеш қатысты. Жиналыста Тараз қалалық білім бөлімінің әдіскері Э. Н. Тортаева бүгінгі таңдағы қыздар тәрбиесі, жасөспірімдер арасындағы кездесіп жатқан келеңсіздіктердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тараз қаласы прокуратура бөлімінің аға прокуроры А.С. Пешеков қыз балаларды қауіпсіздікті сақтауға,әлеуметтік желіні дұрыс қолдана білуге, және адам саудасы мен адамның еңбегін заңсыз пайдалану бойынша түсіндіріп, құқықтық сауатты болуға шақырды.Мектеп директоры А. Б. Ботамкулова өз сөзінде қыздарға мектеп ережесін сақтауға, сабақтан қалмай,жан - жақты дамып білім алып, тәртіп бұзбауға кеңес берді. Мектептегі ата - аналар комитетінің төрайымы А. Тоғысова қазақ халқының қыз тәрбиесіне қатысты айтқан ұлағатты сөздерін айта отырып қыздарды қазақ қызына тән ибалы, инабатты , ата - ана мен мектептің мақтанышы болуға шақырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Ратаева қыз балаларға міндетті мектеп формасының талаптарын, қыз әдебі , және салауатты өмір салтын сақтау туралы айтып кеңес берді.Мектептің педагог - психологы
Н. Әбдеш қыз балалармен "Қыз - ұлттың ұяты, халықтың шырайы" тақырыбында тренинг өтті. Тренинг барысында қыздарға қазақ қызының бойындағы барлық жақсы қасиеттер, үлкенді сыйлау, өнерді үйрену бойынша пайдалы кеңестер беріліп,"Қыздарға арналған психологиялық 40 кеңес" жадынама таратылды.

