18
ақпан
2020
2020 жылдың 11 ақпан күні 47 орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында жалпы мектепішілік ата - аналар жиналысы өткізілді
2020 жылдың 11 ақпан күні 47 орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында жалпы мектепішілік ата - аналар жиналысы өткізілді. Ата - аналар жиналысына Тараз қалалық білім бөлімінің әдіскері Э. Н. Тортаева, Тараз қаласы, ЖПҚ ЮПБ аға инспекторы, полиция майоры Н. Е. Батырханов, ата - аналар комитетінің төрайымы А. Тоғысова қатысып, ата - аналармен қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Ата - аналар жиналысында Тараз қалалық білім бөлімінің әдіскері Э. Н. Тортаева бүгінгі таңдағы бала тәрбиесі, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен ата - аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігіне тоқталды.Тараз қаласы, ЖПҚ ЮПБ аға инспекторы, полиция майоры Н. Е. Батырханов оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтар мен оның себеп - салдарымен, және бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан алдын алу шараларымен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің баптарымен таныстырып өтті. Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ш. Мұханов " Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс - шаралар, ата - аналардың жауапкершілігі " тақырыбында баяндама оқып, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Ратаева " Қыздармен атқарылған жұмыстар" тақырыбында баяндама оқып,қыз балаларға рухани - адамгершілік тәрбиесін беру, және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.Мектеп оқушыларының әлеуметтік картасы бойынша әлеуметтік педагог П. Өтеген сөз сөйледі.Мектеп директоры А. Б. Ботамкулова ата - аналарға бала тәрбиесіне отбасында ерекше көңіл бөлуді,және баланы үнемі қадағалап отыруды және мектептегі 9 сынып оқушыларымен ОЖСБ - ға,қорытынды аттестаттауға, 11 сынып оқушыларымен қорытынды аттестаттауға дайындық барысы қосымша сабақтардың жүргізілу деңгейі сондай - ақ оқушылардың тәртіп мәселесі мен қауіпсіздіктері туралы айтып өтті. Ата - аналар комитетінің төрайымы А.Тоғысова бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды




