19
ақпан
2020
Лаңкестік жағдай кезіндегі мектеп қызметкерлері мен оқушылардың іс - әрекеті
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188 - V Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы №821 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып- үйрету,хабардар ету ережесін басшылыққа ала отырып, қалалық білім бөлімінің 5 қаңтар 2020 жылғы бұйрығына сәйкес, мектебімізде 18 ақпан күні "Лаңкестік жағдай кезіндегі мектеп қызметкерлері мен оқушылардың іс - әрекеті" тақырыбында сейсможаттығу өтті. Мақсаты: Лаңкестік жағдай кезіндегі мектеп қызметкерлері мен оқушылардын іс-әрекетін, оқушыларды оқыс оқиғалардан сақ болуын және Терроризмге қарсы күрес туралы үйрету.






