12
сәуір
2023
Су тасқыны кезіндегі мектеп оқушылары мен қызметкерлердің іс-әрекеті
Тараз қаласы, №47 орта мектепте сәуір айының 12-сі күні Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Су тасқыны кезіндегі мектеп оқушылары мен қызметкерлердің іс-әрекеті» тақырыбында сейсможаттығу жоспарлы түрде өткізілді. Су тасқыны басталғаны туралы сигнал берілгенде штаб мүшелері білім алушылар мен мектеп қызметкерлерін алаңға алып шықты. Жаттығу өткізу кезінде мектептің алғашқы Азаматтық қорғаныс басшысының орынбасары Қайранбаев Жақсылық оқушыларды сапқа тұрғызып, Азаматтық қорғаныстың штаб басшысы Жақсылықбаева Патима Жұмағалиқызына оқушылардың түгел эвокуация жасалғандығы туралы рапорт берді. Жаттығу өткізу барысында мектептің медбикесі суға түншығу, батып кету жағдайында Қ. Ахметова түсіндірді. Сейсможаттығуға І ауысым бойынша 864 оқушы, ІІ ауысым бойынша 815 оқушы қатысты. АҚ және ТЖ штабының бастығы П.Ж.Жақсылықбаева жыл бойы өткізілетін өмір қауіпсіздігін сақтау бағытындағы жұмыстарды оқушылар есіне салды. АҚ штабының мүшелері өз міндеттерін тиянақты атқарды









.









