Біз туралы » Страница 32 » СШ №47
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№47 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 57-07-10
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-07-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 32
Шынкенов Айсұлтан Жәнібекұлы
16
маусым
2021
Шынкенов Айсұлтан Жәнібекұлы
Шынкенов Айсұлтан Жәнібекұлы 14.06.1998 жылы дүниеге келген. № 47 орта мектебінің түлегі. 2015-2016 жылдары мектепті бітірген. 2016 жылы ҚазНИТУ-ға оқуға түсіп, 2020 жылы жоғарғы оқу орнын аяқтаған. Қазіргі таңда КазНУ университетінің магистранты.
Апталықтың жабылуы
13
мамыр
2021
Апталықтың жабылуы
Апталықтың жабылуы бейнеролик түрінде беріліп, онлайн форматта өтілді. Апталықта өткен жас мамандардың сабағынан көріністер алынды, 7 мамыр «Отан қорғаушылар» күніне арналған концерттік бағдарламадан суреттер алынып салынды.
Жас мамандармен «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман»
05
мамыр
2021
Жас мамандармен «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман»
. Жас мамандармен  «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» тақырыбында семинар өтіліп, семинарда жас мамандарды «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігіде жойылады» деген К.Д.Ушинскийдің сөзімен бастап, методикалық көмек берілді. Мақсаты:  Педагогтардың «Мен педагог» позитивті концепциясын, коммуникативті дағдыларын қылыптастыруға, жаңа ортаға бейімделуіне, басқа адамдарды түсінуге, психологиялық қолдау көрсетіп, дамыту. 
28 Панфиловшылардың ерлігі
05
мамыр
2021
28 Панфиловшылардың ерлігі
Тараз қаласы 47 орта мектебінің тәлімгері Карибаева Маржанның жас мамандар апталығының он күндігінде  9 мамыр- Жеңіс күніне орай  "ЖасҰлан" ұйымының "28 панфиловшы  батырлардың тарихы" тақырыбында  бейнероликтер байқауын  онлайн форматта ұйымдастырды ​https://www.facebook.com/100042744816276/posts/497283711706452/​​​
ҰБТ-ға сеніммен барайық
05
мамыр
2021
ҰБТ-ға сеніммен барайық
Тараз қаласы №47 орта мектебінің педагог-психологы Әбдеш Н.Б жас мамандар апталығының онкүндігінде 11 сынып оқушыларына "ҰБТ-ға сеніммен барайық" тақырыбында психологиялық тренингті онлайн форматта өткізді. Тренингтің мақсаты: оқушылардың қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез- құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу- танымдық қабілеттерін арттыру.
Fast machines
05
мамыр
2021
Fast machines
Тараз қаласы 47 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Арғынова Гүлзада Нұржанқызы жас мамандар апталығының оңкүндігінде  4 "А"сыныбына “Fast machines "(жылдам машиналар) деген тақырыпта ашық сабақты онлайн форматта өткізді. Ашық сабақтың мақсаты оқушыларға жылдам машиналарды таныстыру, баяу машиналар мен жылдам машиналарды ажырата білуді үйрету.   Сабақта  оқушылар жаңа сөздермен танысты, мәтінді тыңдап оқыды және машинаны екі түрін ажырата білуді үйретті.
IV-V ғасырларда Рим империясы қалай өзгерді?
05
мамыр
2021
IV-V ғасырларда Рим империясы қалай өзгерді?
Тараз қаласы 47 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қасымғали Ақнұр Рүстембекқызы жас мамандар апталығының оңкүндігінде  5 "Е” сыныбына "IV-V ғасырларда Рим империясы қалай өзгерді" деген тақырыпта ашық сабақты онлайн форматта өткізді. Ашық сабақтың мақсаты басқыншылық соғыстармен империялардың пайда болу мемлекеттердің шекараларын қалай өзгерткенін түсіну.  Сабақты “Сұрақ-жауап” әдісі арқылы бекітті. Рим империясының құлау себептерін 4-5 сөйлеммен жазып, анықтады. Картамен жұмыс жүргізді
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу ( қосу және алмастыру тәсілі)
05
мамыр
2021
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу ( қосу және
Тараз қаласы, №47 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жамбыл Сандуғаш Жорақызы жас мамандар апталығының онкүндігінде "Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу" тақырыбында онлайн форматта ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты:  екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің мәндер жұбын анықтау және шешімін болжау. Сабақ барысында екі айнымалсы бар сызықтық теңдеуді табуды, мәндер жұбын анықтауды мысалдар қөрсете отырып үйретті. Әр тапсырмаға дескриптор беру арқылы оқушыларға