05
мамыр
2021
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу ( қосу және алмастыру тәсілі)
Тараз қаласы, №47 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жамбыл Сандуғаш Жорақызы жас мамандар апталығының онкүндігінде "Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу" тақырыбында онлайн форматта ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің мәндер жұбын анықтау және шешімін болжау. Сабақ барысында екі айнымалсы бар сызықтық теңдеуді табуды, мәндер жұбын анықтауды мысалдар қөрсете отырып үйретті. Әр тапсырмаға дескриптор беру арқылы оқушыларға есеп шығаруда бағыт-бағдар берді. Сабақ соңында жаңа тақырып бойынша тест жумысын алды. Үй тапсырмасы ретінде "Өзіңді тексер" тапсырмаларын ұсынды.