03
ақпан
2026
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер мен жасанды интеллектіні ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану

2026 жылдың 28 қаңтар күні Тараз қаласындағы N47 орта мектеп базасында "Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер мен жасанды интеллектіні ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану" тақырыбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған қалалық семинар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Семинардың мақсаты: Ағылшын тілі сабағында оқыту мен оқуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдермен таныстыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін көрсету және оларды оқу үдерісіне тиімді енгізу арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Аталған семинарға Тараз қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 51 педагог қатысты. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім беру үдерісіне цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімді жолдарын талқылады.
Семинарды ашып, алғы сөз сөйлегендер:
Пирназарова Гулжан Ганиевна-Жамбыл облысы,Тараз қаласының білім бөлімінің ағылшын тілі пәнінің әдіскері;
Тортбаева Аманкул Тынышбековна-N47 орта мектептің директоры.
Семинар педагогтер үшін тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналып, ЖИ платформаларын білім беру ұйымдарында жүйелі қолданудың нақты жолдарын көрсетті.