18
ақпан
2026
№47 орта мектебінде "Жас сақшы" полиция сыныбының салтанатты ашылуы
Құқықтық тәрбие беру, оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыру және жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу мақсатында №47 орта мектебінде "Жас сақшы" полиция сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Тараз қаласы ПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәлемов Берік Жақсылықұлы, Тараз қаласы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы полиция капитаны Имашев Фархат Сәбитұлы, Тараз қаласы білім бөлімінің бас маманы Үкібасов Қайрат Исаұлы қатысты. Салтанатты жиында 21 оқушы ант қабылдап, арнайы куәлікке ие болды. Іс-шараға қатысқан қонақтар "Жас сақшы" сыныбы жасөспірімдерді тәртіпке, жауапкершілікке баулуда және Отансүйетін азамат етіп тәрбиелеуде маңыздылығын айта келе, сәттілік тіледі.