13
ақпан
2023
Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық
2023 жылы, 10 ақпан күні №47 орта мектебінде ұраны-алаш, керегесі-ағаш, елдің атынан сөз айтқан ұлы бабамыз қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына орай 5-сынып оқушыларымен «Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық» тақырыбында әдеби- сазды кеш өткізілді.
Мақсаты: Ұлтымыздың тарихында алтын әріппен жазылған, қайраткер тұлға Қазыбек бидің өмір тарихымен таныстыру.
Іс-шарада тіліміздің құндылығы мен байлығын көрсетіп, ғасырлар бойы жаңғырып, ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып келе жатқан Қазыбек бидің шешендік сөздерін оқушылар жатқа айтып, тарихи көріністер қойылды.
Ұйымдастырған: Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері - Ж. Байырова мен М.Турысбек.