Шебер шаңырақ » СШ №47
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№47 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 57-07-10
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-07-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шебер шаңырақ
23
қаңтар
2023

Шебер шаңырақ

№47 орта мектебінде 2023 жылы 19 қаңтар күні  жоғары сыныптың қыздарымен мектеп директоры А.А.Абдешова, "Аналар мектебінің" мүшелері  "Шебер шаңырақ" серіктестігінің қолөнер шебері Кушекбаева Алима Уалиқызы, Қорғанбаева Динара Нұртасқызының қатысуымен "Қолөнер - нәзік жанға тән өнер" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ұлттық қолөнерді  жандандыру, қыздарды ісмерлікке, еңбекке баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.Қазақтың қолданбалы қолөнер бұйымдарының  түрлері мен қолданылатын материалдары  және орындау техникасы туралы түсіндіру, мамандық таңдауға бағыт беру.
Іс- шарада мектеп директоры А.А.Абдешова  қазақ халқының қолөнері ғасырлар бойы халықпен бірге дамып, келе жатқан дәстүрлі өнер  екендігіне тоқталып, қолөнер арқылы үлкен рухани  эстетикалық тәлім алып, өнер әлеміне қанат қағамыз дей келе қыздарды өнерлі, шебер болуға шақырды.
Он саусағынан өнер тамған, жас буынға берері мол  тігінші Алима Уалиқызы "Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары" тақырыбында шығармашылық көрме ұйымдастырып,  қыздармен "Тігіншілік-қол мен қиялдың еңбегі" тақырыбында шеберлік сабағын өтіп, қыздарды түрлі қолөнер бұйымдарын жасауға үйретіп, жасаған бұйымдарын қыздарға тарту етті, көрмемен таныстырып, әр бұйымның жасалу жолдарын түсіндірді.
Қазіргі таңда салт- дәстүріміз бен  өнерімізді дәріптеп, ұлттық нақыштағы киімдерімізді мақтан ететін, өнерлі қыздарды тәрбилеу басты мақсатымыз, ананың ақыл- парасаты, іске бейімділігі, шеберлігі, бірінші қыздарымыздың бойынан табылып жатса, нұр үстіне нұр болмай ма, мұны ата жолының ұмыт қалмай жалғанғаны  десек болар,сондықтан мектеп пен отбасы тарапынан осындай жұмыстар жалғасын табады.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив