30
қаңтар
2023
Анаға тағзым
2023 жылы,27 қаңтар күні №47 мектеп директоры А.А.Абдешова, мектептегі "Қыз Жібек" клубының мүшелері мен жоғары сынып қыздары "Анаға тағзым" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қаламгер- драматург, Қазақстан Республикасының халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына арналған "Өнермен өрілген өмір" тақырыбында өтілген іс - шараға қатысты.
Мақсаты: Жасөспірім қыздарға рухани- адамгершілік тәрбие беру, қыздарды жан- жақты дамыту және шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыру.Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бикен Римованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
"Анаға тағзым" орталығымен мектеп бүгінгі таңда тығыз байланыста жұмыс істеп, бірнеше тәрбиелік мәні бар іс - шаралар ұйымдастырылды.
Іс- шарада Бикен Римованың өнер мен өмір жолында естеліктер айтылды, сондай - ақ Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Майра Әлімбетова, осы театрдың әртістері №47 мектептің түлегі Сухраб Мадумаров және Асан Зарина қонақта болып, "Еңлік Кебек" қойылымынан үзінді қойды.
Әдебиетті, поэзияны сүйетін жас таланттар Ерлан Нұрлеков, Сұлтанбек Сабеков, Абай Нұрланұлы өлең жолдарын оқып, көрермендерді тәнті етті.
Талантты актриса Майра Әлімбетова "Ана туралы" жыр шумақтарын оқыды.
Оқушылар "Анаға тағзым" орталығындағы түрлі үйірмелер, клубтардың жұмысымен танысып, "Береке" аспаздық үйірмесіне, "Ерке сылқым" хореография, "Бойтұмар" қолөнер және дизайн үйірмелеріне қызығушылық танытып жазылды.
Өткізілген іс- шара қыздарды ұлттық дәстүрлерді жалғастыруға, ұрпақ сабақтастығын сақтауға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға қабілетті тұтас тұлға қалыптастыруға септігін тигізді.
Кеш соңында оқушылар қонақтармен естелікке суретке түсіп, орталықтың тыныс- тіршілігімен танысты.