07
наурыз
2022
Ата - аналармен өткізілген іс- шаралар
47 орта мектебінде 25 ақпан күні ата- аналармен"Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде отбасы мен мектептің рөлі" тақырыбында семинар- тренинг ұйымдастырылды.Семинар-тренингке қалалық ата- аналар комитетінің төрайымы Ғ.О.Рысбаева, қала мектептерінен 39 мектеп -гимназияның ата- аналар комитетінің төрайымы Г.Сариева, 53 орта мектептің ата- аналар комитетінің төрайымы Г.Халықтаева, мектеп директоры А.Ботамкулова, мектептің ата- аналар комитетінің төрайымы А.Тоғысова және "Әкелер кеңесі" мен"Аналар мектебінің" мүшелері, ата- аналар қатысты.
Семинар-тренингте жас ұрпақ тәрбиесінде отбасы мен мектептің ынтымақтастығын арттыру, оқушылардың ұлттық сана- сезімін қалыптастыру, отбасы тәрбиесіндегі ата- ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру мәселелері қаралды