07
наурыз
2022
1 наурыз-"Алғыс айту" күні мерекесінде өткізілген іс-шаралар.
47 орта мектебінде 2022 жылдың 1 наурыз -"Алғыс айту" күні мерекесінде "Алғыс айту- парызымыз!" тақырыбында мерекелік акция өткізілді. Мерекеге мектептегі қамқоршылық кеңес төрайымы А.Дуренова, ата-аналар комитетінің төрайымы А.Тоғысова, мектептің түлектері театр және кино актері С.Мадумаров, ТарГПУ педагогикалық университетінің түлегі Н. Амангелді, Алматы қаласындағы Сулеймен Демирель университетінің білімгері Т.Ахметова келіп қатысып, алтын ұя мектептері мен барша ұстаздарына алғыстарын арнады. Ата -аналар мен түлектер тарапынан мектеп директоры А.Ботамкуловаға "Алғыс хат" тапсырылды.