Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша ЖАДЫНАМА » СШ №47
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№47 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 57-07-10
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-07-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша ЖАДЫНАМА
01
сәуір
2020

Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша ЖАДЫНАМА

Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша

ЖАДЫНАМА



Құрметті азаматтар!


Әлемдегі коронавирустық инфекция бойынша жағдайға байланысты, оның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтау үшін келесі алдын алу шараларын ұстануларыңызды сұраймыз:

- вирустық ауру белгiлерi бар адамдармен қарым-қатынасты болдырмау (жөтел, түшкіру, мұрын шырышты қабатының қабынуы, дене қызуының көтерілуі);

- дене қызуын күніне 2 рет өлшеу қажет;

- тұрғын үй жайларын тәулігіне 2 рет желдету;

- тұрғын үй жайларын ылғалды жинау кезiнде дезинфекциялау заттарын (құрамында хлор бар заттар, 70% спирт, сірке қышқылы, лимон қышқылы, сода) қолдану қажет;

- жеке гигиенаны сактау (жеке сүлгі, сабын, ұстара куралдарын пайдалану және т.б.);

- қолды сабынмен жуу (әжетханаға барғаннан кейін, қол алысқаннан кейін, көшеден оралғаннан кейiн, сондай-ак тамақ дайындамас бұрын);

- қоғамдық орындарда жүргенде көз, мұрын, ауызға қол тигізбеңіз, өйткені лас қолдың жанасуы вирустың шырышты қабатқа түсуіне ықпал етеді;

- көпшілік жиналған жерлерге барғаннан кейін және көшеден қайтқанда мұрын және ауызды (мұрын-жұтқыншақ) әлсіз сода ерітіндісімен шаю;

- жөтелу, түшкіру кезінде ауызды бір реттік салфеткалармен немесе орамалмен жабу, содан кейін қолды сабындап жуу немесе спирт ерітіндісімен, дезинфекциялық сулықтармен өңдеп залалсыздандыру қажет;

- қоғамдық орындарда жөтелген немесе түшкірген адамдармен қарым-қатынас жасамауға тырысу, мүмкін болмаған жағдайда кем дегенде 1 метр қашықтықта алысырақ тұру;

- ЖРВИ белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, көбінесе құрғақ жөтел, қалтырау, денедегі қақсау, мұрын шырышты қабатының қабынуы және т.б.) үйде өздігінен емдеумен айналыспау және міндетті түрде жедел медициналық көмек шақыру қажет;

- коронавирустық инфекция туралы қосымша ақпаратты call-орталыққа 1406 телефон нөмірі бойынша хабарласып білуге болады.




















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив