14
ақпан
2018
ҚҰЛАҚТАНДЫРУ
Ата-анаға АҚПАРАТ
Құрметті ата-ана! Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету (жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауы, өміріне қауіп төндіретін желілермен байланысын анықтау) мақсатында балаңыздың әлеуметтік желісін бақылау үшін, оқушының құқығына қол сұқпау мақсатында арнайы КЕЛІСІМ алынды. Бұл КЕЛІСІМДЕ ата-ана туралы ақпарат сұралды (жеке куәлігі, ЖСН; мекен-жайы). Ата-ана туралы мәлімет КЕЛІСІМДІ заңды өкілінің толтырғанын анықтау үшін сұралды. Сіздер туралы ақпарат мектеп қабырғасынан ешқайда шықпайды, әлеуметтік желіге енгізілмейді, жарияланбайды, мектеп психологінде сақталады.
Бұл мемлекеттік құзырлы органдармен тығыз байланыста жұмыс істейтін «Интегро» компаниясының ақпараттық жүйесі. КЕЛІСІМ берілген оқушылардың мәліметі «Интегро» компаниясының ақпараттық жүйесіне енгізіледі, оқушының 1 айда 2 рет қауіпті сайттарға енгенін бақылау үшін әлеуметтік желісі тексеріліп отырылады. Балаңыздың өміріне қауіп төнуі туралы ақпарат келіп түскен жағдайда сіздермен байланыс орнатылады.
КЕЛІСІМДІ беру, бермеу өз құқығыңызда.