17
қазан
2023
Тек ата-анамен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен, адамдық бақытты беруі мүмкін
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №47 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11-сынып оқушыларының оқу мотиватиясын, білім сапасын көтеру мақсатында ата-аналар жиналысы өтті. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Жақсылықбаева оқушылардың сыныма тест қорытындысымен және «ҰБТ - 2024» ережелерімен таныстырды.
«Тек ата-анамен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен, адамдық бақытты беруі мүмкін» - деген В.А.Сухомлинскийдің сөзін тиек ете отырып, ата-аналарды ҰБТ мен қорытынды аттестаттауға жауапкершілікпен қарауға шақырды.