12
тамыз
2020
Амангелді Нұрзат Нұрланұлы

Амангелді Нұрзат Нұрланұлы Тұрар Рысқұлов ауданында 1999 жылы 13 шілде айында дүниеге келген. №47 орта мектебінде білім алған. 2017 жылы 11 сыныпты бітіріп, Тараз қаласында ТарГПУ педагогикалық университетіне КДР «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығына оқуға түсті.
Бірінші курстан біраз жетістіктерге қол жеткізіп, «Өнер және мәдениет» факультетінің басшысы болып сайланып, «Жансарай» халықтық театрының екінші режиссеры қызметін атқарып, аудандық гастроль сапарларына шығып, біраз жүлделерге ие болды.
2018 жылы 19 желтоқсан айында Жайдарман «Jokers» командасымен Еркін тақырып жобасында үшінші орын иегері атанды.
Ақын, сықақшы Шона Смаханұлын еске алуға арналған «Күлеміз бе?» атты облыстық әзіл сықақ жарысының 1 ші орын иегері, 2019 жылы Өскемен қаласында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен «Ұлы өнер ұлт жаңғыртуы» атты сахналық қойылымның 2 дәрежелі орын иегері.
2019 жылы 13 наурызда Өскемен қаласында өткен «Бір актер, Бір сахна» атты студенттік театр байқауларынан екінші орын иеленді. «Детский дом» атты қысқа метражды фильмге түсті.Қазіргі таңда төртінші курс білімгері. 2019 жылы студенттер арасында «Жас депутат» болып сайланды.