05
мамыр
2021
Жер -ортақ үйіміз
Тараз қаласы 47 орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Калтаева Арайлым Мадиярбековна жас мамандар апталығының оңкүндігінде 4 "Г" сыныбына "Жер - ортақ үйіміз " деген тақырыпта ашық сабақты онлайн форматта өткізді . Ашық сабақтың мақсаты оқушыларға жердің адамзат үшін маңыздылығын түсіндіру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу және қамқорлық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту. Сабақта адамгершілік қасиеттерді жермен байланыстыра отырып, "кластер" әдісін қолдана білді.