05
мамыр
2021
Компьютердегі деректерді қалай қорғауға болады?
Тараз қаласы №47 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Рахимбаева Жанат Бакитовна жас мамандар апталығының оңкүндігінде 5 "Д" сыныбына "Компьютердегі деректерді қалай қорғауға болады? " деген тақырыпта ашық сабақты онлайн форматта өткізді . Ашық сабақтың мақсаты оқушыларға құжаттарға парольді орнатуды үйретіп түсіндіру. Сабақ барысында құжатқа және компьютерге парольді қалай орнату керектігі түсіндірілді. Сабақта вирус дегеніміз не және одан қалай қорғануға болатынын үйретті.