05
мамыр
2021
Футбол. Ойын жағдайында допқа ие болу. Қауіпсіздік ережесі.
Тараз қаласы 47 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шеримбеков Амир Жетпісұлы жас мамандар апталығының оңкүндігінде 5 "Ж" сыныбына "Ойын жағдайында допқа ие болу әдісі " деген тақырыпта ашық сабақты онлайн форматта өткізді . Ашық сабақтың мақсаты оқушыларға допқа ие болу әдіс-тәсілдерін үйретіп, көрсету. Сабақта допқа ие болудың 3 әдісін көрсете білді. "Допты аяқтың ішкі қырымен тоқтату, қарсыластан допты тартып алу, кеудемен допты тоқтату " әдіс-тәсілдерін үйретті.