11
қаңтар
2020
9 "Б" сынып оқушылары мобилді кітапханамен танысты
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. " Кітап дегеніміз - алдығы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап,талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу-әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Тарих пәнінің мұғалімі Ш.Ақылбекованың жетекшілігімен 9 "Б" сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасап, жаңа ашылған "Білім орталығымен", мобилді кітапханамен танысып, өз әсерлерімен бөлісті.




