№47 орта мектебінің оқушыларымен «Туған жер» бағдарламасы бойынша мұражайларда,тарихи ғимараттарда өткізілген сабақтары туралы мәлімет
№47 орта мектебінің оқушыларымен «Туған жер» бағдарламасы бойынша мұражайларда,тарихи ғимараттарда өткізілген сабақтары туралы мәлімет
Ақпан, наурыз айында «Туған жер»бағдарламасын іске асыру мақсатында 2018-2019 оқу жылы №47 орта мектебінде бұйрықпен пән мұғаімдер «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (5-7 сыныптар), «Қазақ әдебиеті»(6 сынып) пәндер бойынша сабақты мұражайларда, мәдени ұйым салаларында,тарихи ғимараттарда (мектеептен тыс жерлерде) өткізіп, оқушыларды тарихымызбен терең таныстырды. Ежелгі ғасырдағы ата-бабаларымыздың жәдігерлерімен танысты Мектеп оқушылары Елбасымыз жазған Ұлы даланың жеті қырының бірі – Ежелгі Тараз қаласындағы мұражайларға барып, рухани ләззат алды. Ата-бабаларымыздың жүріп өткен жібек жолымен танысып, ұстаған бұйымдарымен танысты.Тараз қаласына жасаған саяхат оқушылардың есінде қайталанбас естелік қалдыра отырып, тарихымызды терең білуіне, ізденуіне үлкен жол ашты. Абай атындағы кітапханаға оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Cұлтанаева Р.Т.Тоғаева Н.Б.Жақсылықбаева П.Ж. Д.Қонаев атындағы кітапханаға оқушыларды Досмайловак К.Ү. Сапбекова И.Т. апарып, сабақтарын өтті. Орталық мұражайға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ибраемова, тарих пәнінің мұғалімдері Б.С.Айсейтова Т.А,Бахтьярова А.А,Пірімқұлова Ф.Ш.Аблаева А.І. оқушыларды орталық мұражайларға апарды.