27
қыркүйек
2019
«Қазақ тілім - ертеңім, болашағым»
Мектеп кітапханасында «Қазақ тілім - ертеңім, болашағым» тақырыбында қалалық Абай атындағы кітапханамен бірлескен дөнгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге мектеп кітапханашылары Б.Кунафина, А.Құнанбаева, Абай кітапханасының қызметкерлері Аққұман Сая, Кисенова Гүлмира және 9 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекшісі Ж.Байырова қатысты.
«Туған тілде сыры терең жаным бар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар асқан қызығушылықпен қатысты. Көрмеде тілге байланысты нақыл сөздер ілініп, өлеңдер оқылды.