11
қаңтар
2020
ҚМЖ ның жасалу жолдары " және "БЖБ және ТЖБ құру бойынша әдістемелік ұсыныстар
27 қараша күні "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ тренерлері Каркабаева Парида Пазыловна мен Есмырзаева Аманкуль Орынбаевна Тараз қаласының № 47 орта мектебінде пән мұғалімдеріне " ҚМЖ ның жасалу жолдары " және "БЖБ және ТЖБ құру бойынша әдістемелік ұсыныстар"тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Пән мұғалімдері ҚМЖ-ның жасалу жолдары туралы, критериалды бағалауды ұйымдастыру технологиясы мен критериалды бағалау жүйесін құрастыру әдістемесінің негізгі аспектілерін айқындап, іс-шараның мазмұндылығы мен өзектілігін атап өтті және ұсынылған іс-тәжірибе алмасу мүмкіндігіне алғыстарын білдірді.
