«Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді ағылшын тілі сабақтарында тиімді пайдалану» тақырыбында қалалық семинар өтілді.
08.02.2019 ж. күні №47 мектепте «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді ағылшын тілі сабақтарында тиімді пайдалану» тақырыбында қалалық семинар өтілді.
МАҚСАТЫ:
Оқу мен оқыту үрдісінде жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын көрсету.
МІНДЕТТЕРІ:
- Жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдарымен таныстыру.
- Өзара іс-тәжірибе алмасу арқылы педагогикалық ынтымақтастықты қалыптастыру.
- Білім мазмұнын заманауи өзгерістеріне сәйкес білім сапасын арттырудың жолдарын нақтылау.
- Тәжірибе алмасу.
Семинарға қала мектептерінен 25-тен аса ағылшын тілі пән мұғалімдері қатысты. Семинар таңертеңгі сағат 830-да басталып мектептің акт залында мектеп оқушыларынан құралған «Айналайын» би тобының «Шалқыма» биімен ашылды.
Мектеп директоры А.Б.Ботамкулова алғашқы құттықтау сөзі берілді. Мектеп директоры қалалық семинарға келген қонақтарға алғыс білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Ағылшын тілі пәні» бірлестігінің жетекшісі Ж.У.Сарсенбаева «Оқыту мен оқудағы жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада жаңартылған білім мазмұнында оқыту мен оқудыға жаңаша әдіс-тәсілдерді ағылшын тілі сабақтарында түрлендіріп, тиімді пайдалану жолдары туралы айтылды. Қалалық семинардың бағдарламасымен таныстырды.
Жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы А.М.Ержанова өзінің авторлық туындысы, «Елтану» оқу-әдістемелік құралы, электронды оқулығымен таныстырып, презентация жасады. Ұсынылып отырған «Елтану» оқу-әдістемелік құралы мен электронды оқулығы 10-11 сынып оқушыларына және ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналғандығы туралы айтылды. Оқу-әдістемелік құралда ауызша және жазбаша сабақтарға арналған сөйлеу іс-әрекетінің дифференциалды және интегралдық принциптері бойынша оқытудың барлық түрлері қамтылған делінді. Оқу-әдістемелік құралының негізгі мақсаты ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің географиялық жағдайы, мәдениеті мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрі және тарихы туралы мағлұмат бере отырып, балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға бағытталғандығы туралы айтылды. Электронды оқу құралы 20 данаға көбейтіліп, барлық семинарға қатысушыларға таратылды.
Бұл семинарда бірінші және екінші санатты 3 ағылшын тілі мұғалімі оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдерді ағылшын тілі сабақтарында тиімді пайдалану бойынша ашық сабақтар берді және ІІІ дейгейлік курс бітірген 1 ағылшын тілі мұғалімі «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытудағы CLIL әдісі» тақырыбында коучинг өткізді.
ІІ санатты ағылшын тілі мұғалімі Сарсенқұлова Қарлығаш Рахимбекқызы «NASA and the Baikonur Cosmodrome» тақырыбында бастауыш саты бойынша 3 «А» сыныбымен, І санатты ағылшын тілі мұғалімі, модератор Усубалиева Гулназ Лесбайқызы «A.S.Pushkin» тақырыбында негізгі буын бойынша 5 «Г» сыныбымен, ІІ санатты ағылшын тілі мұғалімі, модератор Джаманкулова Назира Адиловна «Adjectives: Describing Art » тақырыбында 8 «Ә» сыныбымен ашық сабақтар берді. Сабақтар жоғары дәрежеде өтілді. Мұғалімдер ағылшын тілі сабақтарында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын өте жақсы көрсетті, оқушылар жақсы атсалысып, пікір таластырды, көтеріңкі көңіл күймен шықты.
Ашық сабақтан кейін «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытудағы CLIL әдісі» тақырыбында ІІІ дейгейлік курс бітірген, ІІ санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Наурызбаева Құралай Рахатқызы коучинг өткізді. Келген қонақтар сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер түрлерімен танысып, ортақ ой бөлісіп, бірнеше әдіс-тәсілдердің түрлерін үйреніп қайтты. Семинарға келген әр мектептің ұстаздары кері байланыс парағына өз ризашылықтарын білдіріп, №47 мектептің ұжымына алғыстарын айтып тарасты.