қалалық семинар
06.02.2019 ж. күні №47 мектепте «Жаратылыстану бағытындағы пәндерде білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үш тілде білім беруді тиімді жүргізу тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар өтілді.
Мақсаты: Жаратылыстану бағытындағы пәндердің ағылшын тілінде оқыту элементтерін енгізу бойынша педагогикалық дағдыларды жетілдіру
Міндеттері:
- Химия, физика, биология, информатика мұғалімдерінің пәндері бойынша ағылшын тілінде оқыту элементтерін енгізуі бойынша тәжірибе алмасу.
- Оқытуға жаңа тәсілдерді қолдануда мұғалімдердің теориялық және практикалық білімдерімен бөлісу.
Семинарға қала мектептерінен 80-ге жуық физика, биология, химия, информатика пәндері мұғалімдері, қалалық білім бөлімінің әдіскері С.Т.Жоламанова қатысты. Семинар таңертеңгі сағат 900 -де басталып мектептің акт залында мектеп оқушыларынан құралған «Айналайын» би тобының «Шалқыма» биімен ашылды.
Мектеп директоры А.Б.Ботамкулова «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үш тілде білім беру – заман талабы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша үш тілде білім берудің тиімділігі туралы айтылды.
Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.С.Керимбекова семинардың бағдарламасымен таныстырып, келген қонақтарға сөз кезегін берді. Қалалық білім бөлімінің әдіскері С.Т.Жоламанова семинарға сәттілік тілеп, мектеп психологі Г.Тайлюбекова келген қонақтармен сергіту тренинг өткізіп, жақсы психологиялық көңіл күймен қонақтар ашық сабақтарға кірді.
Бұл семинарда «ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру курсының В1 және В2 деңгейіндегі ағылшын тілі курсын бітірген 6 мұғалім ағылшын тілінде оқыту элементтерін сабақтарына енгізуі бойынша ашық сабақтар берді.
Жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі Үмбетова Зина Икрамхановна «Бұлшықет ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Адам денесінің бұлшықеттерін жіктеу. Зертханалық жұмыс №10. Бұлшықет ұлпаларының құрылысын зерттеу» тақырыбында, жоғары санатты физика пәні мұғалімі Қуатова Қазила Меирхановна «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы», жоғары санатты информатика пәні мұғалімі Сарсенбаев Ерлан Аманбаевич «Параметрлі цикл», биология пәнінің мұғалімі Амреева Гүлнұр Аманқызы «Көру мүшелерінің құрылысы. Көрудің маңызы», бірінші санатты информатика пәні мұғалімі Бозмбекова Айнұр Сабыржанқызы «Параметрлі цикл», Тамабекова Маржан Махатовна «Ковалентті байланыс» тақырыбында ашық сабақтар берді. Сабақтар жоғары дәрежеде өтілді. Мұғалімдер сабақта ағылшын тілінде еркін сөйлеп, оқушылар жақсы атсалысып, пікір таластырды.
Ашық сабақтан кейін «Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігі» тақырыбында мектеп тренерлері Ә.Аблаева, Ә.Абдрахманова
Ж. Байырова, Н.Тоғаевалар семинар-трениг өткізді. Келген қонақтар сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер түрлерімен танысып, ортақ ой бөлісіп, бірнеше әдіс-тәсілдердің түрлерін үйреніп қайтты. Семинарға келген әр мектептің ұстаздары кері байланыс парағына өз ризашылықтарын білдіріп, №47 мектептің ұжымына алғыстарын айтып тарасты.

















