22
қаңтар
2022
Мейірімге толы жүрегім
Тараз қаласы №47 орта мектепте 24 желтоқсан 2021ж күні «Мейірімге толы жүрегім» қайырымдылық акциясы негізінде ерекше білімді қажет ететін арнайы сынып білім алушыларына педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті ашылды. Қайырымдылық акциясына Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының директоры Назгүл Жолтаева, «12 стульев» жиһаздар салонының директоры Алишер Акимжанов және осы дүкеннің бас менеджері Айя Орынбаева, «Айдар» есіктер дүкені, №47 мектептің ата-аналар комитеті төрайымы Айна Тоғысова, 9 «Е» сынып ата-аналары Омбаева Нұризат, Ергалиева Салтанат демеушілік етті. Қайырымдылық акциясының қорытындысы негізінде ерекше білімді қажет ететін арнайы сынып білім алушылары «Әр бала ерекше бір жұлдыз» атты мерекелік іс-шараға ұласты. Мерекелік іс-шараға Тараз қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Атакулова Гүлжан Жәдігерқызы, бөлім әдіскері Игисинова Жайна Жандарбекқызы, ПМПК маманы Асанова Хадиша Самбетайқызы, «Балалық шақ» газетінің редакторі Гүлнар Жанкенқызы, демеушілер және ерекше білімді қажет ететін арнайы сынып білім алушыларының ата-аналары қатысты. Кеш соңында келген қонақтар тарапынан құттықтау сөздер айтылып, ерекше білімді қажет ететін арнайы сынып білім алушыларына жылы лебіздерін білдірді. Тараз қаласы білім бөлімі тарапынан мектеп директоры А.Б.Ботамкуловаға, түзету сыныбына сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р. Досжановаға «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Түзету кабинетінің ашылу салтанаты мен мерекелік іс-шара «Jambyl-Таrаz» облыстық газетінің 16 желтоқсан күнгі мерекелік санына шықты және Қазақстан-Тараз телеарнасының жаңалықтар топтамасында көрсетілді.