15
ақпан
2020
«Әр бала – ерекше бір жұлдыз»арнайы сынып оқушыларының ашық есік күні
2019 - 2020 оқу жылының 14 ақпан күні №47 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.К.Досжанова мен мектеп педагог – психологы Г.Т.Тайлюбекованың ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін арнайы сынып оқушыларына арналған «Әр бала – ерекше бір жұлдыз» атты ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күнінің ашылу барысында арнайы сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері осы оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері, оқу – тәрбие бойынша айтылған ұлағатты ойлар туралы айтып, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын көрме ретінде көрсетті.Соңынан пән мұғалімдері мен сынып жетекшілер Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырып, «Көзімнің қарасы» әнімен аяқтады.







