Оқушылар жетістіктері » Страница 5 » СШ №47
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№47 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 57-07-10
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-07-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тіл білімі
29
қараша
2021
Тіл білімі
Тараз қаласы 47 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ратова Нұрай  2021 жылғы оқушылардың облыстық ғылыми жобалар жарысында "Тіл білімі" секциясы  бойынша I дәрежелк дипломмен және I дәрежелі алқамен  марапатталды.Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Байырова Жұлдыз.
Өлкенің тарихи ескерткіштері мен заманауи архитектуралық нысандары
29
қараша
2021
Өлкенің тарихи ескерткіштері мен заманауи архитектуралық нысандары
"Рухани жаңғыру"бағдарламасының аясында өткен "Вestвидео Туған өлке" қалалық байқаудан "Өлкенің тарихи ескерткіштері мен заманауи архитектуралық нысандары"номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Тараз қаласы 47орта мектебінің оқушысы Қасымова Ариана.Жетекшісі Омарбекова Марфуға.
Ұлы даланың алып жыршысы
10
қараша
2021
Ұлы даланың алып жыршысы
"Ұлы даланың алып жыршысы" тақырыбында  жас қаламгерлер арасында    өткізілген  шығармалар байқауының "Жамбылдың маржан жырлары"атты көркемсөз номинациясы бойынша Тараз қаласы 47 орта мектебінің оқушысы Құрман Фариза  қатысып, бас жүлдені иеленді.Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  С.Алипбаева және "Жыр дүлдүлі-Жамбыл"атты арнау номинациясы бойынша 47 орта мектебінің оқушысы Оралбек Бекболат қатысып, дипломмен марапатталды.Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Күй анасы-Дина
25
қазан
2021
Күй анасы-Дина
2021 жылдың 20-23 қазан аралығында 47  орта  мектебінің "Айналайын" би үйірмесінің жетекшісі Ж.Байділдаева  Алматы  қаласында  Дина Нүрпейісованың 160 жылдығына орай өткен  "Күй анасы-Дина" атты Республикалық өнер байқауында хореография номинациясы бойынша дарынды да талантты өнерпаз дайындағаны үшін   Құрмет  грамотасымен марапатталды.
2021 жылдың, 20-23  қазан аралығында  47 мектептің "Айналайын" би үйірмесінің жас өнерпазы Айдынқызы   Аида  Алматы қаласында  Дина Нүрпейісованың 160 жылдығына орай өткен "Күй анасы- Дина"
25
қазан
2021
2021 жылдың, 20-23 қазан аралығында 47 мектептің "Айналайын" би
2021 жылдың, 20-23  қазан аралығында  47 мектептің "Айналайын" би үйірмесінің жас өнерпазы Айдынқызы   Аида  Алматы қаласында  Дина Нүрпейісованың 160 жылдығына орай өткен "Күй анасы- Дина"  атты Республикалық өнер байқауында   "Шалқыма"  биімен  "Хореография"   номинациясы бойынша   1  дәрежелі лауреат атанды.
Күй анасы- Дина
25
қазан
2021
Күй анасы- Дина
2021 жылдың, 20-23  қазан аралығында  47 мектептің "Айналайын" би үйірмесінің жас өнерпаздары  Алматы қаласында  Дина Нүрпейісованың 160 жылдығына орай өткен "Күй анасы- Дина"  атты Республикалық өнер байқауында "Хореография"   номинациясы бойынша   1  дәрежелі лауреат атанды.
VI Шерхан Мұртаза оқулары
16
қазан
2021
VI Шерхан Мұртаза оқулары
Қалалық "VI Шерхан Мұртаза оқулары" байқауына 47орта мектебінің 10 "А"сынып оқушысы  Аяз Алмат 1бағыт "Ай мен Айша"роман-диологиясы бойынша арнайы талдау жұмыстарын орындап IIIорынды  иеленсе,  Зау тұлға " Шерхан Мұртаза туралы жазған арнау  III бағыты бойынша 10"Б"сынып оқушысы Сабит Дариға қатысып,жүлделі II орынды иеленіп, марапатталды.Оқушылар облыста өтетін  жарысқа жолдама алды.Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Тоғаева Н,Қамбарбекова Н.
Мен Жамбылды оқимын
08
қазан
2021
Мен Жамбылды оқимын
Жамбыл Жабаевтың 175жылдық мерейтойына орай, әлеуметтік желілерде ұйымдастырылып отырған "Мен Жамбылды оқимын" халықаралық челленджіне Тараз қаласы №47 орта мектебінен төмендегі оқушылар өлең оқыды: 5"Б" сынып оқушысы - Амангелді Аяулым. Жетекшісі: Тоғаева Н.Б; 5"Д" сынып оқушылары - Мамыров Жан, Шарафиддинова Жасмина. Жетекшісі: Турысбек М.Ж; 8"Б" сынып оқушысы - Оралбек Бекболат. Жетекшісі: Дүйсенова Л.О.