14
қазан
2022
Әділетті қоғам. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам
Халықаралық Тараз инновациялық институты "Шерхантану" ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған қазақ руханиятының бәйтерегі Ш.Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы аясында шығармашылық мұрасы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу және Қазақстан президенті Қ.К.Тоқаевтың "Әділетті қоғам. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында өткізілген қалалық « VII Шерхан Мұртаза оқулары» байқауына мектебіміздің атынан 11 сынып оқушысы Аяз Алмат қатысып жүлделі І орынды иеленді. Алматты жеңісімен құттықтаймыз! Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тоғаева Нұргүл.

