18
маусым
2021
Кенесбек Жадыра Мұратқызы
Кенесбек Жадыра Мұратқызы №47 орта мектебінің 2010 жылғы түлегі Алматы қаласындағы КазМУ-дың «Физика ғылымдары» факультетін бітіріп, сол жерде білімін жалғастырып, магистрант атанды. Ресейде ғылыми орталыққа шақырылып, магистранттармен, доктаранттармен бірлесіп, еңбек жолын шыңдады. Біріккен Араб әмірлігі Дубай қаласында Ядролық институтының зерттеу орталығында қызмет атқарды. Доктарантураны КХР-да Чанджау қаласында оқыды. Украинада қызмет атқарды. Әлемнің 28 мемлекетін қызмет бабымен аралап, біліктілігін шыңдаған Жадыра 5 түрлі тіл меңгеріп, қазіргі таңда Алматы қаласында білім беру орталығын ашып, қазақстандық жастардың білімге, еңбекке құштарлығын арттыруда.