01
желтоқсан
2021
24.11.2021ж күні «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тілдік дағдыларды дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің жетекшісі Л.О. Дүйсенова мен қазақ тілі пәні мұғалімі С.Н.Әліпбаева
24.11.2021ж күні «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тілдік дағдыларды дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің жетекшісі Л.О. Дүйсенова мен қазақ тілі пәні мұғалімі С.Н.Әліпбаева «Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. Сыныптан тыс сабақтың мақсаты қазақ әдебиетінің майталмандары атанған, даланың дара ұстазы атанған Ыбырай атамыздың 180 жылдығы, қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы, жыр алыбы - Жамбылдың 175 жылдығы, ұлттың ұлы ұстазы атанған Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы, Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойларын атап өту барысында жас жеткіншектерімізді әдебиет нәрімен сусындату. Сабақ өте әсерлі болды. Сабаққа қала мектептерінің мұғалімдері тарапынан жоғары баға берілді.
















